Құрметті түлектер!
Сіздерді "АТУ" АҚ-да оқуды аяқтағаныңызбен құттықтаймыз! Бұл маңызды кезең аяқталды және қазір сіздің алдыңызда көптеген мүмкіндіктер бар. Біз сіздің мансаптық жолыңыздың басында сізді қолдауға қуаныштымыз.
Біз не ұсына аламыз:
• Қазақстанның жетекші компанияларының өзекті бос жұмыс орындары;
• Түйіндеме жасауға және әңгімелесуге дайындалуға көмектесу;
• Жұмысқа орналасу және мансап құру бойынша кеңестер;
• Жастарға арналған қолжетімді бағдарламалар туралы ақпарат.
Сіздің жетістігіңіз-біздің мақсатымыз!
Біз сіздің дағдыларыңыз бен қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін жұмыс табуға көмектесуге дайынбыз. Іздеудің қай кезеңінде болсаңыз да, біз әрқашан тиісті жұмыс орындары мен пайдалы кеңестер ұсыну үшін байланыстамыз.
Байланыста болыңыз! Біздің мансап орталығының қолдауын пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Біз кәсіби ортаға сенімді түрде кіріп, табысты дами алуыңыз үшін жұмыс істейміз.
Сізді «АТУ» АҚ Мансап орталығында көруге әрқашан қуаныштымыз: Төле би, 100/1, СҚКО 4 каб., тел. 293 52 88 (ішкі 250).
Құрметпен,
"АТУ" АҚ мансап орталығы
Жастар практикасы: субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 Маусымда № 32959 болып тіркелді.
Алдыңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жастан аспаған жоғары оқу орындары мен ТжКБ түлектері қатарындағы алған кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыссыздарға арнайы арналған.
Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Айына субсидия мөлшері 30 АЕК құрайды. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бос орын пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен тұрақты жұмысқа орналасуға жол беріледі.
Қайда жүгіну керек: тұрғылықты жері бойынша еңбек ұтқырлығы орталығына. Қандай құжаттар қажет: жеке басын куәландыратын құжат; еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), білімі туралы дипломның көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом); арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжат (бар болса).
Бос жұмыс орындары 06.11.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Бос жұмыс орындары 30.10.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Бос жұмыс орындары 23.10.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Бос жұмыс орындары 16.10.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Бос жұмыс орындары 10.10.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Бос жұмыс орындары 02.10.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Бос жұмыс орындары 25.09.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Бос жұмыс орындары 19.09.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Бос жұмыс орындары 11.09.2025 ж
Шымкент
Ақтөбе
Алматы
Астана
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Орал
Өскемен
Сауалнама
Тәжірибеден өту
Оқу тәжірибесі
Өндірістік тәжірибе
Диплом алдындағы тәжірибе
Практика базасы
HeadHunter.kz
Электронная биржа труда — enbek.kz
Rabota.kz
Sitcen.kz
Zarplata.kz
kz.jooble.org
Qyzmet.kz
JobLab.kz
Olx.kz
Naimi.kz
АТУ-дағы бос жұмыс орындары жәрмеңкелері — студенттер үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер
2025 жылдың қазан айында АТУ-дың Мансап орталығы студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал ету, кәсіби құзыреттерін дамыту және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату мақсатында факультеттер бойынша бірқатар жәрмеңкелер ұйымдастырды.
2025 жылғы 10 қазан күні Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Тағам технологиялары факультетінде өтті.
Жәрмеңкеге 28 компания қатысты. Олар студенттерге жұмыс орындарын, тағылымдамаларды және даму бағдарламаларын ұсынды:
Евразиан Фудс Корпорэйшн, Americana Restaurants, ABR, ТОО СП "Кока-Кола Алматы Боттлерс", ТОО "Carlsberg Kazakhstan", ТОО «Первый Пивзавод», ТОО Line Brew Bottlers, ТОО HALL, ТОО СП "Кока-Кола Алматы Боттлерс", АО ИП "EFES Kazakhstan", ТОО "Danone Kazakhstan (Данон Казахстан)", ТОО "Monteverde Food", ТОО "Qulpynai Bakery", ТОО "ALATAU MILL", ТОО "Жаркентский крахмалопаточный завод", ТОО "Мясоперерабатывающий завод "Бижан", ТОО, NAVAT CHAIKHANA, Popeyes, ТОО "CLASSIC KINDERGARTEN", ТОО "HEADHUNTER.KZ", ТОО "Универсал", Филиал АО ЛОК "Окжетпес Алматы", ТОО Скиф-Трейд, РПП "Атамекен" г. Алматы, Городской центр карьеры, Центр трудовой мобильности, dvjob, Қазақстан темір жолы.
АТУ-дағы бос жұмыс орындары жәрмеңкелері — студенттер үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер
2025 жылдың қазан айында АТУ-дың Мансап орталығы студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал ету, кәсіби құзыреттерін дамыту және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату мақсатында факультеттер бойынша бірқатар жәрмеңкелер ұйымдастырды.
2025 жылғы 9 қазан күні Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінде жәрмеңке өтті.
Оған 22 компания қатысты, олардың қатарында:
АО «Казахтелеком», ТОО «СК Рахат», РПП «Атамекен» г. Алматы, Первый Бит, ТОО НТЦ АСКБ Алатау, ТОО «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия», Applecity corps, ТОО «Универсал», ТОО «Жаркентский крахмалопаточный завод», ТОО «Карина Paper», ТОО «Центр крепежных систем», Центр трудовой мобильности, Halyk Bank, TVIN Kazakhstan, Филиал АО «НК “ҚТЖ”» — «Алматинское отделение магистральной сети», ТОО «PAPINONE», ТОО «KazbuildExpert», КГП на ПХВ «Алматы Тазалык», dvjob, Нацгвардия, HH.kz, Городской центр карьеры.
АТУ-дағы бос жұмыс орындары жәрмеңкелері — студенттер үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер
2025 жылдың қазан айында АТУ-дың Мансап орталығы студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал ету, кәсіби құзыреттерін дамыту және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату мақсатында факультеттер бойынша бірқатар жәрмеңкелер ұйымдастырды.
2025 жылғы 3 қазан күні «Экономика және бизнес» факультетінде жәрмеңке өтті.
Бұл шара студенттер мен алдыңғы қатарлы компания өкілдерін біріктіріп, тікелей қарым-қатынас пен мансаптық мүмкіндіктерді іздеу алаңына айналды.
Жәрмеңкеге 20 жұмыс беруші қатысты:
ТОО «Коллекторское агентство «Kaz Collect», АО Bank RBK, EFES Kazakhstan, Kaspi.kz, Ramada by Wyndham Almaty, Air Astana, LG Electronics, ТОО AQS, РПП «Атамекен» г. Алматы, Мансап орталығы (Еңбек мобильділігі орталығы), АО KMF Банк, Aiplus, Exdeko, ТОО ТИТАН АЛМАТЫ, ТОО БРИЗИ КАЗАХСТАН, АО Евразийский Банк, ТОО Жаркентский крахмало-паточный завод, ТОО УНИВЕРСАЛ, Rixos Almaty, Городской Центр Карьеры.
АТУ-дағы бос жұмыс орындары жәрмеңкелері — студенттер үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер
2025 жылдың қазан айында АТУ-дың Мансап орталығы студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал ету, кәсіби құзыреттерін дамыту және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату мақсатында факультеттер бойынша бірқатар жәрмеңкелер ұйымдастырды.
2025 жылғы 2 қазан күні «Дизайн, текстиль және киім технологиялары » факультетінің студенттеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға студенттерге жұмыс орындары мен тағылымдамалар ұсынып, мансаптық өсу мүмкіндіктерін таныстырған 14 компания қатысты:
ТОО ENDEAVOUR, ТОО GLASMAN, TOO Firm Kaz Centre, ТОО Эллис, ИП «Береке», СЭШ «Элегант», РПП "Атамекен" г. Алматы, ТОО КазСПО-N, ТОО DANMARD, ТОО "Казахстанская мануфактура ткани", TOO HEADHUNTER.KZ, Qazaq tigin Fabrikasy, Exdeko, Tarbiya.
2024 жылдың 9 қазанында Алматы технологиялық университетінде жыл сайын өтетін «Өз жолыңды таңда!» бос жұмыс орындарының Жәрмеңкесі өтті. Бұл ауқымды шараға жетекші компаниялар мен ұйымдар қатысып, студенттерге жұмысқа орналасу және тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ұсынды. Шараға келгендер жұмыс берушілердің талаптарымен танысып, сұрақтарын қойып, алғашқы кәсіби байланыстарын орнатуға мүмкіндік алды.
Кәсіби дамуға ерекше назар аударылды: ТОО «Просто Бэк-офис», ТОО «Endeavour», ТОО «МАК Russell Bedford A+ Partners», ТОО «PROFEXPERT», ТОО «Danone berkut» және ТОО «Бижан ет өңдеу зауыты» сияқты алты компанияның өкілдері шеберлік сыныптарын өткізді. Бұл шаралар студенттерге еңбек нарығының талаптарын тереңірек түсініп, жұмыс іздеуге және сұхбаттан өтуге жақсырақ дайындалуға көмектесті.
Іс-шараға ақпараттық қолдау көрсеткен Zarplata.kz порталы болды.
Жәрмеңкеге 75 түрлі саладағы компаниялар қатысты. Олардың арасында:
Бұл жәрмеңке студенттер үшін болашақ мансап жолында үлкен мүмкіндік болып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға және кәсіби өмірге қадам басуға көмектесті.
2023 жылғы 13 қазанда Алматы технологиялық университетінде жыл сайынғы «Өз жолыңды таңда!» бос орындар Жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде студенттер үшін бос жұмыс орындары мен тағылымдамаларды белсенді түрде ұсынатын әртүрлі компаниялар мен ұйымдар ұсынылды. Студенттер әр компания туралы ақпарат алуға, үміткерлерге қойылатын талаптармен танысуға және компания өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде Чай’La Group, «Эфес Қазақстан» АҚ ЖК Алматы филиалы, «CIS market» ЖШС, «Qulpynai bakery» кондитерлік компаниясы, «Bank RBK» АҚ, «Камерир» ЖШС, «Telecontact» ЖШС, «Просто Бэк-офис» ЖШС, сияқты 8 компаниядан түрлі шеберлік сыныптары өткізіліп, студенттерге кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек нарығының талаптары туралы көбірек білуге көмектесті. Бұл студенттерге жұмыс іздеуге және сұхбаттасуға жақсы дайындалуға мүмкіндік берді. Бос орындар жәрмеңкесіне әртүрлі профильдегі 54 компания қатысты:
|
· Beam Career Management Center |
· «АзияАгроФуд» АҚ |
|
· Жер-Анам ЖШС |
· «EleGant» ЭШС ЖШС |
|
· «Банк ЦентрКредит» АҚ |
· «МИРТЕК» ЖШС |
|
· «Эфес Қазақстан» АҚ ЖК Алматы филиалы |
· «Transavia» ЖШС |
|
· «Просто Бэк-офис» ЖШС |
· «Qulpynai bakery» кондитерлік компания |
|
· «Firm Kaz Centre» ЖШС |
· «Камерир» ЖШС |
|
· «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС |
· «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС |
|
· «Шин-Лайн» компаниялар тобы ЖШС |
· Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы |
|
· «Қазақстан Халық Банкі» АҚ |
· «CIS market» ЖШС |
|
· «Bank RBK» АҚ |
· «QAGANAT» асханалар желісі |
|
· «ForteBank» АҚ |
· Students Networks |
|
· «HEADHUNTER.KZ» ЖШС |
· «ЖЕДЕЛ КУЗЕТ» ЖШС |
|
· «Еуразиялық банк» АҚ |
· «ЛОТТЕ Рахат» АҚ |
|
· «Eurasian Foods Corporation» холдингі |
· «ФРИ КОМПАНИ Азия» ЖШС |
|
· «La Peri» ЖШС |
· NGS Жаңа буын мектебі |
|
· «Торговый Дизайн» ЖШС |
· «Ausland KZ» ЖШС |
|
· «GALANZ bottlers» АҚ |
· «Мұнай Сақтандыру Компаниясы» АҚ |
|
· «ЛОК «Ок-Жетпес» «Алматы» Филиалы АҚ |
· «Казлегпром-Алматы» ЖШС |
|
· «Viktoriya VLV» ЖК |
· Чай’La Group |
|
· «Telecontact» ЖШС |
· Atelier Arunaz |
|
· «Цин-Каз» ЖШС |
· «Карина Paper» ЖШС |
|
· «KazFoodProducts» ЖШС |
· «Елена» тігін өндірісі |
|
· Алматы қаласының мансап орталығы |
· «Ак булак» курорт қонақ үйі ЖШС |
|
· «Интертоп Орталық Азия» ЖШС |
· Бөлшек бизнес бойынша Дивизион – «Қазақтелеком»АҚ филиалы |
|
· «Solis Ltd» ЖШС |
· Caravan Resources Group |
|
· «Береке» ЖК |
· «Казспецвоенторг» ЖШС |
|
· «Caravan Resources» ЖШС |
· «Sinooil» ЖШС |
Біз жыл сайынғы «Өз жолыңды таңда!» атты Бос орындар жәрмеңкесі туралы ақпаратпен бөлісуге қуаныштымыз. 2023 жылдың 28 сәуірінде Алматы технологиялық университетінде өтті. Бұл іс-шара университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықтың ең тиімді тәсілдерінің біріне айналды.
Бос орындар жәрмеңкесі жұмыс берушілерге ең қолайлы жас мамандарды алдын ала таңдауға және жұмыс орындарын ұсынар алдында олардың әлеуетін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді. Студенттер өз кезегінде еңбек нарығында таңдалған мамандықтардың қажеттілігі және жұмыс берушілер биыл ұсынуға дайын бос жұмыс орындары туралы білді.
Бос орындар жәрмеңкесіне әртүрлі профильдегі 70 компания қатысты. Олардың ішінде:
Бос орындар жәрмеңкесі аясында «АТУ» АҚ түлектерінің еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін мониторингтеу мақсатында жұмыс берушілерге сауалнама жүргізілді. Жалпы, сауалнама жұмыс берушілердің біздің түлектерді даярлау сапасына оң бағасын және одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын көрсетті.
Бос орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер түлектермен сұхбат жүргізуге, өз кәсіпорындары үшін кадрлық резерв құруға мүмкіндік алды, ал студенттер жұмыс берушілердің жас мамандарға қойылатын талаптарымен танысып, түйіндемелерін ұсына алды.
Сондай-ақ, Бос орындар жәрмеңкесі аясында келесі компаниялардан шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізілді:
Бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан компаниялардың көпшілігі университет туралы оң пікір білдіріп, ынтымақтастықты жалғастыруға және университеттің болашақ іс-шараларына қатысуға ниет білдірді.
Біз барлық жұмыс беруші қонақтарымызға, сондай-ақ «Жан» баспа үйіне ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқымыз келеді. Баршаңызға табыс пен өркендеу тілейміз!
2022 жылдың 29 сәуірінде Алматы технологиялық университетінде жыл сайынғы «Өз жолыңды таңда!» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке-университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықтың ең тиімді түрлерінің бірі. Ең қолайлы жас маманды алдын ала таңдау мүмкіндігі жұмыс берушіге оған жұмыс орнын ұсынар алдында оның әлеуетін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Студенттер, өз кезегінде, таңдаған мамандығының еңбек нарығындағы қажеттілігі туралы, жұмыс берушілер осы жылы ұсынуға дайын бос жұмыс орындары туралы біледі.
Биылғы жылы жәрмеңкеге түрлі бейіндегі 36 компания қатысты (300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды):
«АТУ» АҚ түлектерінің 2022 жылдың 29 сәуір «Өз жолыңды таңда!» атты бос орындар жәрмеңкесінде біздің университет түлектерінің дайындық сапасын анықтау үшін жұмыс берушілерге сауалнама жүргізілді.
Жалпы сауалнама жұмыс берушілердің біздің түлектерімізді даярлау сапасына, сондай-ақ тілектестік пен одан әрі өзара серіктестікке дайындығына оң баға беріп отыр.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер түлектермен әңгімелесуге, өз кәсіпорындары үшін кадрлық резерв қалыптастыруға, ал түлектер жұмыс берушілердің жас мамандарға деген талаптарымен танысуға, оларға өз түйіндемелерін ұсынуға мүмкіндік алды.
Бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан көптеген компаниялар өкілдерінің пікірлері бойынша, университет туралы оң пікірде, олар ынтымақтастықты жалғастыруға және алдағы уақытта университет іс-шараларына қатысуға ниет білдірді.
Жұмыс беруші қонақтарымызға жәрмеңкеге қатысқаны үшін, «Жан» баспа үйіне ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз және барлығыңызға одан әрі табыс пен өркендеуді тілейміз!
Мансап орталығы

Мансап орталығының меңгерушісі

Мансап орталығының дипломнан кейінгі сүйемелдеу жөніндегі жетекші маманы
E-mail: akniet.98nur@mail.ru

Кәсіби тәжірибе маманы, Мансап орталығының бөлімі

Мансап орталығының түлектердің мансаптық перспективалары жөніндегі маман
ntektibaeva@mail.ru

Мансап орталығының жұмыспен қамту маманы
E-mail: aazankanatkyzy6@gmail.com




















