Ет өңдеу оқу-ғылыми орталығы
2013 жылдың 18 қазанында Алматы технологиялық университетінде "АТУ" АҚ серіктес университеттерінің шетелдік ғалымдары мен зерттеушілерінің қатысуымен ет өңдеу бойынша оқу-ғылыми орталығы салтанатты түрде ашылды.
Ашылу салтанатына Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарынан қонақтар, "АТУ" АҚ әкімшілігі мен ПОҚ, сондай-ақ "Тағам өнімдерінің технологиясы" кафедрасының оқытушылары, студенттер, Қазақстанның тамақ саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар сапалы білім алудың, инновациялық технологияларды зерделеудің, халық үшін функционалдық мақсаттағы өнімдерді әзірлеудің басты шарттарының бірі ретінде ет өңдеу жөніндегі оқу-ғылыми орталықтың маңыздылығын жоғары бағалады.
"Ет өңдеу бойынша құрылған оқу-ғылыми орталық" университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізу, семинарлар мен мастер-кластар өткізу үшін үлкен перспективалар ашады. Орталықта студенттер, магистранттар және докторанттар үшін ет өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары
"Ет өңдеу жөніндегі оқу-ғылыми орталықтың" жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібін кадрлық және ғылыми-инновациялық қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды және білім беруді, ғылымды, өндірісті және үздік халықаралық тәжірибені интеграциялау негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Орталық шұжық және ет өндірісіндегі соңғы жетістіктерді ескере отырып жабдықталған. Етті қайта өңдеудің толық циклі ұйымдастырылған: бөлшектеу, сүйегінен ажырату, сіңірінен ажырату, шикізатты тұздау, турама жасау, қалыптау, термоөңдеу және дайын шұжық өнімдері мен ет өнімдерін сақтау процестері.
Орталық келесі жабдықтармен жабдықталған: термокамера (УК-3/1М100), КХН-9 тоңазытқыш камера, LaMinerva АЕ-22 ет тартқыш үстел, LaMinerva CE INS/32 гидравликалық шприц, haminerva C/E mm-30 үстел турама араластырғышы, Talsa K15 куттер, қолинъектор, Suhner VT-20 үстел вакуумдық массажер, вакуумдық орауыш, "Корунд-клип" 1-25р үстел клипсаторы, өндірістік үстелдер, шикізатты жууға арналған 2 секциялы жуу ваннасы және т.б.
Ет өнімдерін өндіру бойынша технологиялық желі
«Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының жетістіктері
Орталықта құрылған Жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелері әртүрлі байқаулар мен көрмелерге тек республикалық қана емес, халықаралық деңгейде де үнемі қатысады. Магистранттар мен докторанттардың өнімдері жыл сайын Ресейдің "Алтын күз" (Ресей, Мәскеу қ.) агроөнеркәсіптік көрмесінде, "сүт және ет индустриясы" халықаралық көрмесінде, "Қараөткел", "Алтын дастархан", "Kazakhstan Food Market" және т.б. отандық көрмелерде алтын, күміс және қола медальдармен, сондай-ақ құрмет грамоталарымен марапатталады.