Құрама жем өндірудің оқу-ғылыми орталығы

Құрама жем өндірудің оқу-ғылыми орталығы

«Құрама жем өндірудің оқу-ғылыми орталығы»  студенттермен практикалық сабақтар және магистранттар және докторанттармен ғылыми зерттеулер жүргізуге және ғылыми зерттеу жұмыстарының орындауына арналған. Бұл орталықта университеттің жас ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарын өндіріске енгізу жүзеге асырылып, семинарлар мен мастер-кластар өткізіледі.

2019 жылдың 23 қазанында «Құрама жем өндірудің оқу-ғылыми орталығының» салтанатты ашылуы өтті, оның ашылу салтанатына: Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан қонақтар, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов, "АТУ" АҚ әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамы  қатысты.

 

«Құрама жем өндіретін оқу-ғылыми орталық» студенттермен практикалық сабақтар және магистранттар мен докторанттар  зерттеу жұмыстарын ғылыми-зерттеу зертханаларында жүргізе алады. Аталған орталықта университеттің жас ғалымдарының ғылыми жұмыстарын өндіріске енгізу және оларды жүзеге асырыруға зор мүмкіндік береді, сонымен қатар, оқу-ғылыми орталығында семинарлар мен мастер-кластар өткізіледі. «Құрама жем өндіретін оқу-ғылыми орталық» жаңа құрама жем түрлерін әзірлеуге, университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізуге және т.б. үшін үлкен мүмкіндікке ие. Оқу-ғылыми орталықта студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін құрама жем өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

 

 

«Құрама жем өндіру оқу-ғылыми орталығында» мынадай жабдықтар орнатылған:

  • өнімділігі 1 тонна/сағ болатын АК-1000 құрама жем агрегаты, жануарлардың, құстардың, балықтардың әртүрлі жас топтары мен санаттары үшін ұнтақтау және араластыру сапасы жоғары әртүрлі рецепттердің  құрама азықтарының тәжірибелік партияларын әзірлеуге арналған.

Агрегат құрамына мыналар кіреді:астық және ақуыз шикізатын пневматикалық алуға арналған ұшы бар икемді жең, тас іріктегіш, діріл сепараторы, ұсатқыш, салмақ диспенсері, араластырғыш, премикстер мен минералды шикізатты беруге арналған қабылдау науасы;

  • өнімділігі сағатына 180-400 кг болатын muzl180 түйіршіктеуіш,  құрама жемнен әр түрлі диаметрлі және мөлшердегі түйіршікті құрама жем өндіруге арналған жабдық;
  • экструдталған жем өндіруге арналған өнімділігі сағатына 100 кг жем экструдері;
  • зертханалық ұсатқыштан, микроэлементтерді өлшеуге арналған электронды таразылардан, толтырғышты өлшеуге арналған аналитикалық таразылардан, қоспаның максималды біркелкілігіне қол жеткізу үшін толтырғыш массасын біртіндеп арттыра отырып, толтырғышпен микроэлементтерді кезең-кезеңімен араластыруға арналған үш араластырғыштан, сондай-ақ електен тұратын премикс өндіру желісі;
  • құрама жем түйіршіктерінің ұсақтығын анықтауға арналған қондырғылар және басқалар.

«Құрама жем өндіру оқу-ғылыми орталығының» негізгі аспаптары мен қондырғылары:

 

АК-1000 маркалы құрама жем орталығы

MUZL180 грануляторы

Ферментер

Құрама жем түйіршіктерінің ұсақтығын анықтауға арналған құрылғы

УШЗ – 1  әмбебап дәнді-дақылдарды қауыздағыш жабдығы

Зертханалық құрама-жемді араластырғыш

Астық пен құрама-жемге арналған елегіш

Премикс өндіру желісі

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз