Оқу-ғылыми нан орталығы

Оқу-ғылыми нан орталығы


«Оқу-ғылыми нан орталығының» қызметі университетіміздің ең ірі жетістіктердің бірі болып табылады және ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізуге, Қазақстанның жетекші компанияларының өкілдерімен семинарлар және шеберлік сабақтарын өткізуге кең мүмкіндіктер ашады. Соңғы бес жылда еліміздің тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына бұршақ дақылдарының технологиялық қасиеттерін, нанның сапасын жақсарту бойынша он шақты инновациялық жоба ұсынылып, оның бесеуі өндіріске енгізілді. Оның ішінде АҚ «Алтын диірмен» жетілдірілген аспирациялық жүйесі, «KazBestGray» ЖШС астық пен қамырды өңдеудің ион-озондық технологиясы, «Ақсай» нан-тоқаш комбинатында бидай нанының жаңа түрлерін әзірлеу технологиясын пайдалануда.
          2012 жылдың 12 қазанында «Тамақ, жеңіл өнеркәсібін және қонақжайлылық индустриясын инновациялық дамыту» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында «Оқу-ғылыми нан орталығының» салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына 12 елден келген Қазақстанның, Ұлыбританияның, Чехияның, Болгарияның, Испанияның, Италияның, Ресейдің, Украинаның, Беларусьтің, Корея Республикасының, Қырғызстанның және Өзбекстанның жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарының қонақтары қатысты.
             «Оқу-ғылыми нан орталығында» роторлы пеш, толықсыту камерасы, спиральді қамыр араластырғыш, қамыр бөлгіш, Италияда жасалған бөлгіш-дөңгелектеуіш орнатылған.
 Оқу-ғылыми орталықта «Нан өнімдері өндірісінің технологиясы», «Тағамдық құндылығы жоғары өнімдердің технологиясы» пәндері бойынша зертханалық сабақтар өткізіледі.   Сонымен қатар магистранттар мен докторанттар диссертациялық жұмыстар бойынша зерттеулер жүргізеді.

 

 

«Оқу-ғылыми нан орталығы»
«Тағамдық құндылығы жоғары өнімдердің технологиясы» пәнінен зертханалық сабақтар өткізілу барысы

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз