Халықаралық ғылыми жобалар және коммерцияландыру орталығы басшысы
Ахатов Игорь
Халықаралық ғылыми жобалар мен коммерцияландыру орталығы 2021 жылы (құрылу кезінде – Технологияларды трансферттеу, білім беру және кәсіпкерлік орталығы) Алматы технологиялық университеті мен GIZ (Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамы) ұйымы арасындағы Меморандум негізінде құрылды. Оның негізгі мақсаты – халықаралық ғылыми жобаларды іске асыру және коммерцияландыру, сондай-ақ АТУ-да кәсіпкерлік экожүйені дамыту және қолдау көрсету.
Орталық зерттеушілер, білім беру ұйымдары және бизнес секторы арасындағы байланыс құралы ретінде әрекет етеді, инновациялық шешімдерді әзірлеуге, коммерцияландыруға және енгізуге ықпал етеді. Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу үшін https://cattn.kz/ru/ интернет-платформасы құрылды, мұнда технологиялар бойынша сұраныстар мен ұсыныстар, сондай-ақ ағымдағы жобалар мен зерттеулер туралы ақпарат жарияланады.
Орталықтың негізгі қызмет бағыттары:
Мүдделі тараптар үшін Орталық ұсынады:
Осылайша, Халықаралық ғылыми жобалар мен коммерцияландыру орталығы инновацияларды, кәсіпкерлікті және ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етеді, Алматы технологиялық университетінің халықаралық қоғамдастықтағы позициясын нығайтады.