Жастар кеңесі

Пікірсайыс турнирлері, Жайдарман, мерекелік іс-шаралар, танымал тұлғалармен қонақ дәрістері, АТУ студенттерін қабылдау кеші.  Осы шаралардың барлығын біз – Жастар кеңесі ұйымдастырамыз және өткіземіз!

Жастар кеңесі – белсенді, қызықты және жарқын студенттік кезеңді ұйымдастыру үшін студенттермен тікелей жұмыс жасайтын университеттің құрылымдық бөлімшесі. Сондай-ақ ЖОО-ның маңызды іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады.

Студенттік өмір сапасын жақсарту және іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарыңыз бар ма? Біз сізді күтеміз! Біздің мамандар сіздің идеяларыңызға құлақ асып, оларды тікелей басшылыққа жеткізеді. Егер сіз белсенді және креативті, жауапкершілігі мол және көсбасшылық қабілетке ие болсаңыз, университет қабырғасында тың идеяларыңызды жүзеге асырғыңыз келсе, біз сізге көмектесеміз.

Сіздерді Төле би көшесі, 100 мекенжайында орналасқан университетіміздің бас ғимаратының 11 қабат 1119 кабинетінде күтеміз.

Қызметкерлер құрамы

Талипов Тимур Тоолайбекулы
Жастар кеңісінің жетекшісі

Тел: (ішкі. 165)
E-mail: a.zhastar@atu.kz

Сайлауов Дулат Жумагелдиұлы
Жастар кеңесінің жетекші маманы

Тел: (ішкі. 165)
E-mail: a.zhastar@atu.kz

Давлетпакова Карина Медхуновна
Жастар кеңесінің маманы

Тел: (ішкі. 165)
E-mail: a.zhastar@atu.kz