Қоғаммен байланыс бөлімі университеттің Маркетинг басқармасына қарайтын құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Университеттің ақпараттық-коммуникациялық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу мақсатында құрылған. Мақсаты – позитивті имидж қалыптастыру, АТУ-дың Стратегиялық жоспарын іске асыруды объективті қамтуды ұйымдастыру, университеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру.

Қоғаммен байланыс бөлімінің міндеттері:

– АТУ-дың БАҚ беттерінде жариялануын  қамтамасыз ету және қоғамды университет қызметі туралы ақпараттандыру;
– білім беру, ғылыми, зерттеу және инновациялық орталық, Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны ретінде университеттің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған нақты бағдарламалар, жобаларды әзірлеу, іске асыру;
– университеттегі ішкі және сыртқы ақпарат ағындарын бағыттау және реттеу;
– Алматы технологиялық университетінің ішкі және сыртқы имиджін қалыптастыру және жылжыту, оның ішінде Интернет байланысы арқылы;
– корпоративтік веб-сайтты жүргізу, АТУ туралы кітаптарды дайындау және басып шығару, әлеуметтік желілерде «Технолог» газетінің ақпараттық қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
– университеттің білім беру, ғылыми және мәдени қызметіне байланысты іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру;
– университет басшылығына ақпараттық қолдау көрсету, университет қызметі туралы республикалық баспасөз материалдарын талдау;
– қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарындағы университеттің барлық кафедраларының қызметін үйлестіру;
– БАҚ-тағы жарнамалық іс-шаралар арқылы өтініш берушілерді тарту үшін қабылдау компаниясын өткізуге көмек көрсету;
– елдегі университеттің ғылыми және білім беру қызметін насихаттау.

Қоғаммен байланыс бөлімінің қызметі:

– университеттің бірыңғай ақпараттық саясатын жасауға қатысу;
– университеттегі ақпараттық жұмыстың жағдайын жүйелі талдау және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар мен ұсыныстар әзірлеу;
– Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны ретіндегі университеттің беделін көтеру және білім беру қызметтерінің халықаралық нарығында университеттің беделін нығайту;
– университеттің қызметі туралы көпшілікті ақпараттандыру үшін БАҚ өкілдерімен байланысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
– университет басшылығы мен жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен баспасөз конференциялары мен брифингтер ұйымдастыру және өткізу;
– университет өмірінің өзекті тақырыптары бойынша материалдар дайындау; БАҚ үшін ректормен, проректорлармен және құрылымдық бөлімшелер басшыларымен сұхбат ұйымдастыру;
– бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мамандарды даярлаудағы өзгерістер, оқу бағдарламалары, университеттегі құрылымдық өзгерістер туралы, пресс-релиздер, мақалалар және басқа да нысандар арқылы факультеттердің білім беру қызметіндегі инновациялық технологиялар туралы ақпараттандыру;
– университеттің, жоғары оқу орындары мен ғылым саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу;
– университет сайтының мазмұны;
– әлеуметтік желілердегі студенттік ұйымдардың ақпараттық қызметін үйлестіру, ұсыныстар жасау және жүйелі бақылау;
– жоғары білім саласындағы инновациялық білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу.

Қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері:

Абелдаева Шынаркуль Акембековна
Бөлім бастығы

Байланыс телефондары: 8 (727) 293-52-84/88/95 / ішкі144
e-mail:

Серікқұлұлы Аслан
Жетекші маман

Электрондық пошта: webmaster@atu.kz

Ахметжалиев Ақжол
Жетекші маман

Бауыржан Алина Бауыржанқызы
Маман

Нұрмуханбет Шынғыс
Маман