Университеттің миссиясы: әлемнің үздік ЖОО деңгейінде сапалы білім беру, білімді сақтау және тарату.

Университеттің пайымдауы: Алматы технологиялық университеті-ғылым мен білім беруде жаңа технологияларды қолданатын және әлемнің үздік университеттерінің қатарына кіруге ұмтылатын, қалыптасқан бренді бар бірегей жоғары оқу орны.

  • АТУ Ғылыми кеңесінде таныстыру және қабылдау;
  • ақпараттық стендтерге ілу арқылы;
  • ату сайтына орналастыру;
  • басшылармен жұмыс, кеңестер, әдістемелік кеңестер барысында үнемі түсіндіру.

Ұлттық білім беру жүйесін дамыту міндеттерін, өңірдің индустриялық дамуын, университеттің бәсекеге қабілеттілік деңгейін және қазіргі таңдағы айрықша ерекшеліктерді ескере отырып, АТУ 2020-2025 жылдарға арналған сапа саласындағы мынадай саясатты айқындады:

  • экономика салаларын бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету;
  • әлемдік үрдістер контексінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту;
  • елдің индустриялық қажеттіліктеріне ғылымның үлесін ұлғайту;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
  • университет инфрақұрылымын дамыту;
  • жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін жетілдіру.

АТУ сапасы саласындағы 2020-2025 жылдарға арналған мақсаттар:

1. Экономика салаларын бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету.

  • ішкі және сыртқы еңбек нарығының сұраныстарына жауап беретін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сұранысқа ие кадрларды даярлау;
  • ақпараттық инфрақұрылым құру және қашықтықтан білім беру технологияларын дамыту;
  • ПОҚ кәсіби деңгейін арттыру.

2. Әлемдік үрдістер контексінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту

  • Болон процесінің негізгі параметрлеріне сәйкес Университеттің жұмыс істеуі;
  • тәжірибеге бағытталған оқытудың заманауи түрлерін енгізу.

3. Елдің индустриялық қажеттіліктеріне ғылымның үлесін арттыру.

  • университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру;
  • ғылыми әзірлемелердің инновациялылығын арттыру және өндіріске енгізілген ҒЗЖ нәтижелерінің санын ұлғайту;
  • тамақ, қайта өңдеу және жеңіл өнеркәсіп саласында ғылыми зерттеулерді дамыту және кадрлар даярлауға қатысу;
  • жас ғалымдарды ҒЗЖ өткізуге ынталандыру және кадр резервін қалыптастыру.

4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

  • Университеттің жұмыс істеуінің барлық бағыттары бойынша университеттің сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыру, диагностикалау және жетілдіру;
  • сыртқы ортада университеттің оң имиджін сақтау, позициясын нығайту.

5. Университет инфрақұрылымын дамыту.

  • университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту;
  • студенттердің оқуының, тұруы мен демалуының және ПОҚ мен қызметкерлердің еңбегінің қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайларын қамтамасыз ету.

6. Жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін жетілдіру.

  • жоғары азаматтық жауапкершілігі, патриоттық сезімі және толеранттылығы бар әлеуметтік бейімделген тұлғаны қалыптастыру және дамыту;
  • білім алушыларды әлеуметтік қолдауды жақсарту.