Республикалық пәндік олимпиада болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студент жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылады.

ҚР Жоғары оқу орындары студенттері арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізу және ұйымдастыру туралы ереже

XIV РПО

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР!

 

ЖБТ-ОӘБ «Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша 2022 жылғы 14-15 сәуір аралығында ҚР жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (ЖЖОКБҰ) студенттері арасында білім беру бағдарламаларының топтары бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиаданың (РПО) ІІ кезеңін офлайн форматта өткізеді:

  • В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі»,
  • В070 – «Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары»
  • В093 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»

XIV РПО-ның ІІ кезеңі 3 турда өтеді:
1 тур – теориялық;
2 тур – практикалық;
3 тур – ғылыми-зерттеу.

 

ЖЖОКБҰ РПО-ның екінші кезеңіне қатысу үшін І кезеңнің (ЖОО ішіндегі) нәтижелері бойынша 4-6 адамнан тұратын үздік студенттер командасын құрады.
Білім беру бағдарламасының әрбір тобы бойынша командалардың саны 2 (екіден) аспайды. Жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.
ІІ кезеңге қатысу үшін 2022 жылдың 4 сәуіріне дейін сілтеме бойынша: http://register.atu.kz/ru_RU/rpo/ тіркеу формасын толтыру қажет және төмендегідей құжаттарды тіркеңіз:
1) ЖЖОКБҰ басшының қолы қойылған хат және Ғылыми кеңестің XIV кезеңге қатысу үшін I кезең жеңімпаздарын ұсыну туралы шешімі (сканерленген нұсқа);
2) Ф.УМУ-7.5.1b)-2019-01-01 формасына сәйкес XIV РПО-ға қатысуға өтінім (Форма)
3) жеке куәлік/паспорт (көшірме).

 

РПО-ның ІІ кезеңіне қатысу үшін өтінім берген командадан төмендегідей жағдайда бас тартуы мүмкін:

  • өтінімді уақтылы ұсынбау;
  • өтінімнің РПО талаптарына сәйкес келмеуі;
  • қажетті құжаттарды толық немесе дұрыс ұсынбаған жағдайда;
  • өтінім берген білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер білім алтын БББ сәйкессіздігі;

Алматы қ., Төле би к-сі, 100 ( Байтұрсынов көшесімен қиылысы), «Алматы технологиялық университеті» АҚ, бас оқу корпусы, тел.: 8(727) 293-52-84, ішкі 242, 195.