Акашкызы Гульмира

АТУ біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының директоры

Тлеулинова Инжу Бейсенбаевна

АТУ біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының методисті

 

ИНСТИТУТТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

Алматы технологиялық университетінің біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институты өз әрекетін нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасыы Еңбек Кодексі;
  • Білім беру туралызаңы, 27 шілде 2007 жылғы№319-III;
  • Білім беру әрекетін реттейтін Қазақстан Республикасы Нормативті және құқықтық актілер;
  • Мемлекеттік білім бері стандарттары;
  • 11 қыркүйек 2013 жылы №370 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Бұйрығымен бекітілген ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері әрекетінің типтік ережелері.
  • АТУ Жарғысы;
  • Ректор бұйрықтары мен өкімдері.

Қазақстан Республикасы Білім беру туралы заңына сәйкес АТУ-де қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес қосымша білімдер мен дағдылар көлемін алу үшін жағдайлар құрылған.
Оқу үдерісіне орасан ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасы және қиыр шығыс тамақ, қайта өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда машықтандырудан өткен жетекші ғалымдар мен мамандар шақырылады.

Біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламалары ғылымда, білім беруде, өндірісте жүретін инновациялар, сонымен қатар еңбек нарығы қажеттіліктері, оқу нәтижелеріне құзіретті қарау, кәсіби стандарттар талаптары мен біліктіліктің салалық шегі ескеріліп әзірленген, сол арқылы тәжірибелік бағытталған.
Оқытушылармен таратылатын дәріс материалдары мен қажетті құжаттар түрлерінің толық пакеті ұсынылады.

Сабақтар АТУ мамандандырылған, заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу-ғылыми өндірісітк мини-цехтарда жүргізіледі:

  • нан орталығы;
  • макарон өнімдерін өндіру орталығы,
  • ет өңдеу орталығы,
  • сүт өңдеу орталығы,
  • Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу орталығы,
  • Микробиология, Шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің сапасын бақылау зертханаларында,
  • оқу мейрамханасында, сонымен қатар Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы, Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы, Ет және ет өнімдерінің технологиясы, Астық өңдеу технологиясы, Нан және макарон өнімдерінің технологиясы, Ашыту өндірісі және шарап жасау технологиясы зертханаларында, тоқыма және жеңіл өнеркәсібі бұйымдары мен тауарларының инновациялық мәселелері мен қауіпсіздігі бойынша орталығында жүргізіледі.

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу орталығында тамақ өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған заманауи аспаптарда жұмыс істеу дағдылары бойынша сабақтар жүргізіледі.

Сабақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Еуропа ЖОО оқыған мамандармен жүргізіледі.

Біздің оқытудың артықшылықтары:

  • оқу үдерісін ұйымдасыру мен жүргізудің жоғары сапасы;
  • тапсырыс түсуіне қарай топтарды жедел қалыптастыру, тапсырыс берушінің талаптарын максималды қанағаттандыру;
  • оқыту түрлері мен әдістерінің алуан-түрлілігі, соның ішінде сабақтарды университеттің оқу-ғылыми өндірістік орталықтарында жүргізу;
  • Сәйкес оқуды бітіріп, емтиханды табысты тапсырған соң, оқырмандарға юекітілген үлгіде құжаттар беріледі.

Біздің оқырмандар:

  • өнеркәсіптің тамақ және қайта өңдеу салалары кәсіпорындарының орташа және жоғары тармақтағы мамандар (аппаратшылар, операторлар, техник-технологтар, техниктер, лаборанттар, шеберлер, технологтар, инженерлер);
  • қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен қызмет көрсету индустриясының орташа және жоғары тармақтағы мамандар (қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысшылары: аспазшылар, бармендер, даяшылар, өндіріс меңгерушілері, технологтар, инженерлер, әкімшілік);
  • тоқыма және жеңіл өнеркәсіп салаларының орташа және жоғары тармақтағы мамандар (тоқымашы, тігінші, конструктор-модельер, әмбебап тігінші, тігінші-пішіндеуші, модельер-пішіндеуші, техник-модельер-киім құрастырушы, тоқыма өндірісінің техник-технологтары, мата емес материалдар өндіретін техник-технологтар, тігін өндірісінің техник-технологтары, тоқыма және тігін-галантерея бұйымдарын тігу жабдықтарының операторы, ұйымдардың жабдықтарын монтаждаушы; техник-механик);
  • тамақ, қайта өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының, қызмет көрсету және қонақжайлық индустриясының жетекшілері;
  • оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, кәсіби жоғары оқу орындары мен колледждердің докторанттары, магистранттары.