- +7(707)221 88 08
- +7(727)221 88 08
- |
Menu
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) ұйымдастыру және жоспарлау университеттің «СҒЗЖ туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырылады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу жылы бойы келесі негізгі бағыттар бойынша жоспарланады және жүргізіледі:
Студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың ҒЗЖ ұйымдастырудағы университеттің негізгі міндеті оларды дайындау деңгейін ескере отырып, шығармашылық қызметтің әртүрлі нысандарына сараланған түрде тарту арқылы шешіледі және орындалады. Үздік жұмыстар университеттің, республиканың және шетелдің ғылыми басылымдарында жарияланады. Оқушылардың белсенділігін конференция жинақтарының жыл сайынғы басылымы сияқты көрсеткіш бойынша бағалауға болады. Жыл сайын университетте «Ғылым. Білім. Жастар» атты конференция өткізіледі.
Бүгінгі таңда жастар кәсіпкерлігі шағын бизнесті дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Жастарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандыратын қолайлы жағдайлар жасау түрлі бағдарламаларда, конкурстарда қаралады. Университетте Жастар арасында кәсіпкерлік қызметте өзін-өзі жүзеге асыруға деген ынтаны арттыру үшін жағдай жасалған.
Университеттің жас ғалымдары келесі байқауларға белсенді қатысады:
Университетте «START – UP ATU» старт-ап жобалар конкурсы өткізіледі, онда студенттер мен жас ғалымдардың өтінімдері ұсынылады.
«START – UP ATU» жобалар байқауының негізгі мақсаттары:
Студенттер арасында ғылыми қызметті тарту және ұйымдастыру, олардың ғылыми пікірталас өткізуі, тақырыптық баяндамаларды тыңдау мен талқылауды, әртүрлі деңгейдегі студенттік ғылыми іс-шараларға қатысуды қамтитын ғылыми бағытты таңдауына жәрдем көрсету үшін факультеттер, кафедралар жанынан студенттік ғылыми үйірмелер құрылды.
СҒК қызметінің негізгі мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қарқындату, олардың АТУ-да өткізілетін ғылыми зерттеулерге қатысуы арқылы мамандар қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және дамыту, сондай-ақ әрбір студент үшін оның қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке тұлғаның шығармашылық дамуына өз құқығын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта университетте 14 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді: «Молочный рай», «Мясной Оскар», «Хлебопек», «Текстиль», «Эксперт», «Fermentation», «Алтын дән», «Школа молодых управленцев», «Правильное питание», «Биотехнолог», «Все о мясе», «Сыр Live», «Молодой отельер», «Молодой фермер».
Enactus ATU командасы 2014 жылдың 14 наурызында ашылды. Enactus ATU командасы басқа командалардың арасында жас команда. Алтыншы жыл Enactus АТУ командасы үлкен ұйымшыл Enactus Kazakhstan ұйымында жұмыс істейді және оның өз амбициясы, жоғары мақсаттары, үлкен перспективалары бар. Enactus АТУ жас, жарқын командасы Enactus халықаралық лигасында жетекші орын алуға тырысады.
Enactus ATU командасының үйлестірушісі – Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рскелдиев Бердан Абдазимович, капитан – Ұзақбаева Жансая, эдвайзер – Кәсіптік білім беру және қоғмдық ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қодар Замза Мұташқызы.
«Enactus Kazakhstan National EXPO 2015» - Қазақстанның университеттері арасындағы Республикалық студенттік әлеуметтік және бизнес жобалардың байқауы. Байқаудың мақсаты әлемдік білім беруде және бизнес-кеңістігінде бірлесу, дарынды және зерек студенттердің әлеуметтік жобаларын іріктеп, оларға қолдау беру.
Enactus ATU командасы 2 жоба «Қолдан жасалған сабын» және «Almaty Souvenirs» ұсынды. «Қолдан жасалған сабын» жобасы қолдан жасалған сабын өндірісі экологиялық таза өндіріспен байланысты болғандықтан қазылар мүшелері тарапынан перспективті жоба ретінде танылды. «Almaty souvenirs» жобасы өз алдына жасампаз жәдігерлер, әшекейлер және басқа да ерекше бұйымдар өнідірісімен нарыққа шығуға мақсат қойды.
Enactus ATU командасының үйлестірушісі - ғылым және инновация проректоры Кизатова Майгуль Жалеловна, капитан - Калдыбаева Улбосын Алмасбековна, эдвайзер - Баданова Айгерим Кенжебековна.
ҚР ғылым және білім Министрлігінің І дәрежелі Дипломымен марапатталған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпаздарын:
Орал Қарлығаш Нуртайқызын, 5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы мамандығы, ғылыми жетекшісі - т.ғ.д., профессор Нуржасарова М.А.;
Маудинова Назира Советжанқызын 5B072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы, ғылыми жетекшісі - т.ғ.д., профессор Узаков Я.М.;
Явахунова Разия Арлиевнаны 5В072800 - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығы, ғылыми жетекшісі - б.ғ.к., доцент Байгазиева Г.И.;
Қуанбай Назерке Құрманбекқызын, Нұрмаханқызы Нұрсаулені 5В073300 - Тоқыма материалдарын жобалау және технологиясы мамандығы, ғылыми жетекшілері - т.ғ.к., профессор Кутжанова А.Ж. және PhD, доцент м.а. Баданова А.К.;
Ташпулатова Айжанды және Вахитова Диананы 5В091200 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамандығы, ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., доцент Есайдар У.С., аға оқытушы Туебекова З.Ж.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР ТІЛЕЙМІЗ!
Алматы, 050012, Төле би көшесі, 100
+7 727 221-88-08
+7 727 293 52 95
+7 727 317-00-53
+7 727 293-52-96
+7 707 221-88-08