Тамақ қауіпсіздігін ҒЗИ директоры: доктор PhD
Набиева Жанар Серикболовна

Тел.: 396-71-33 (ішкі. 145, 144), 277-47-43
E-mail: atu_nabiyeva@mail.ru

2011 жылы Азық-түлік технологиясы ғылыми-зерттеу институтының негізінде құрылды. Өнімнің микробиологиялық және физика-химиялық көрсеткіштеріне, қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне (физика-химиялық және микробиологиялық сынақтар, сандық химиялық талдау) сынақтар жүргізеді.

Институт құрылымына екі зертхана кіреді, олар: «Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасы және Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасы.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының шешімімен «Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасы «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ИСО/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген (аккредиттеу аттестаты № KZ.T.02.E 1158 ). Зертханада менеджмент жүйесі орнатылған және қолдау көрсетіледі, жұмысқа қажетті рәсімдер, бағдарламалар мен нұсқаулар әзірленген. «Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасында сапа менеджменті жүйесі бойынша біліктілігін растайтын сертификаттар алған мамандар жұмыс істейді.

СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ:

Астық және нан өнімдері, ет, сүт өнімдері, балық өнімдері, сусындар, су және азық-түлік өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа да өнімдері.
Сынақ зертханасында ауыр металдардың, нитриттердің, нитраттардың құрамын, пестицидтердің, гербицидтердің және микотоксиндердің қалдық мөлшерін, тотықтырғыш бүліну көрсеткіштерін анықтау жүзеге асырылады. Толық физикалық-химиялық талдау жүргізіледі, оларға ылғалдылықты, күлділігі, қантты, майды, ақуыздарды, титрленетін қышқылдарды, әртүрлі иондардың құрамын және т.б. анықтау кіреді.

Қызметі

Аккредиттеу аттестаты

1. Қайта зерттеу аймағы

2. Зерттеу аймағының қосымшасы

3. Зерттеу аймағының № 2 қосымшасы

АТӨС ҚБҒЗЗ қызметтерінің тізбесі

ТҚ ҒЗИ Ережесі

ИНСТИТУТ КЕЛЕСІ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ:

  • өндірістің технологиялық процесі барысында шикізат пен өнім сапасының мониторингі (нан, сүт, ет өнімдері);
  • физика-химиялық және микробиологиялық талдаулардың жекелеген түрлерін орындау;
  • сыналатын және жаңа өнімдерге нормативтік және технологиялық құжаттарды әзірлеу;
  • оқу үрдісінде студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың эксперименттік жұмыстарын орындауға оқу үрдіске жәрдемдесу;
  • сынақ әдістерін әзірлеу және жетілдіру, эксперимент нәтижелерін жоспарлау, өңдеу және талдау;
  • әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
 

Техникалық жабдықтау

Байланыс ақпараты:

Телефон: +7 727 277 47 43,
Электрондық почта: food_safety@mail.ru

Мекен-жай: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы 348/5, 2Б корпус, каб. 102
Тамақ қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты (ТҚ ҒЗИ), 104-2Б
Тел.: 396-71-33 (ішкі 145, 144), 277-47-43
food_safety@mail.ru

«Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасы (ТҚ АСЗ), 102-2Б
Тел.: 277-47-43

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасы, 106-2Б
Тел.: 396-71-33, ішкі 144

 

Қызметкерлер:

Набиева Жанар Серикболқызы
Тамақ қауіпсіздігін ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор PhD

atu_nabiyeva@mail.ru

ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2016» атағының иегері. 100-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 5 оқулық пен оқу құралының (2 ағылшын тілінде), 2 монографияның, 7 өнертабыстың авторы.

Дарибаева Гульнур Тлеухановна

«Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасының меңгерушісі, PhD докторы

daribaeva.80@mail.ru

Самадун Абдысемат Исамидинұлы

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі

abdu.93_93@mail.ru

Бахтыбекқызы Шолпан

«Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасының бактериолог-дәрігері

sholpan_bsb@mail.ru

Уразбекова Гульжан Ералыевна

«Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасының бактериологы

gule90@mail.ru

Толеуханова Назым Сарсеновна

«Тағам қауіпсіздігі»  сынақ зертханасының жалпы мәселелері бойынша химик-токсиколог

nazym_toleykhanova@mail.ru

Байділда Аяжан Еркебұланқызы

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» сынақ зертханасының лаборанты-бактериологы