Алматы технологиялық университетінің Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) – бұл студенттердің, магистранттардың және университеттің кафедраларының қызметкерлерінің бастамашыл топтарын біріктіретін жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми қоғамдастығы.

ЖҒК жас ғалымдарды біріктіру, олардың қызығушылықтарын білдіру, ғылым мен техниканы дамыту жұмыстарына жас ғалымдарды үгіттеу, жас ғалымдар жүргізетін ғылыми зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында құрылды.

Жас ғалымдар деп ҒЗЖ айналысатын, 35 жасқа толмаған оқытушылар, зерттеушілер, магистранттар және докторанттар саналады.

ЖҒК негізгі міндеттері:

  • ғылыми ұйымның ғылыми жастарының кәсіби өсуіне, жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсенді қатысуына ықпал ету;
  • Кәсіби іс-әрекет пен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға қатысты ғылыми жастардың пікірін білдіре отырып, АТУ ҒТК, сондай-ақ мемлекеттік органдарда және қоғамдық ұйымдарда өкілетті орган ретінде әрекет етіп, ғылыми жастардың құқықтарын қорғау;
  • өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде жастардың ғылыми-инновациялық орталықтарын құруға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың басқа түрлеріне бастамашылық ету;
  • жас ғалымдардың өзекті ғылыми мәселелер мен бірінші кезектегі ғылыми міндеттерді шешу үшін күштерін біріктіру;
  • арнайы жасақталған іс-шаралар жүйесі арқылы жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жандандыру;
  • жас ғалымдардың ғылыми жобаларға, ғылыми гранттарға, мектептерге, конкурстарға, бағдарламаларға, тағылымдамаларға қатысу нысандарын жетілдіру;
  • басқа ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының ЖҒК-мен байланыс желісін қалыптастыру және кеңейту.

Төраға
Баязитова Меруерт Мысырқызы

«Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының сениор-лекторы, PhD доктор

+7 705 335 44 71
+7 727 276 97 06 (113)

m.bayazitova.atu@gmail.com