- +7(707)221 88 08
- +7(727)221 88 08
Menu
Алматы технологиялық университеті – Қазақстан Республикасының тағам және жеңіл өнеркәсібі саласында ғылым және білім берудің жетекші орталығы.
Іргелі және қолданбалы жұмыстарды кеңейту, оларды әлемдік қолдау және ынталандыру аймақ және мемлекеттер үшін приоритетті мәні бар, ғылыми–техникалық бағдарламаларды және жалпы ұлттық мәні бар жобаларды орындауға негізделген, университеттің негізгі ғылыми саяси бағыттарының бірін құрайды.
Университеттің негізгі миссиясына,өзінің қызметі үдерісінде жүзеге асатын және ғылыми мектептерді ескере отырып, сонымен қатар мақсаттары және міндеттеріне сәйкес, университетте негізгі бағыттары бойынша кадрларды дайындау бойынша жүргізілетін іргелі және қолданбалы зерттеу негізінде ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары анықталған. Бұл бағыттар тұтастай Республиканың дамуы приоритеттері мен мақсатына байланысты анықталған:
Алматы технологиялық университетінің–зерттеу университетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, даму бағдарламасында көрсетілген, және ғылыми мектептерді ескере отырып, мамандарды, зерттеушілерді және ғылымның жетістігі негізінде ғылыми–педагогикалық жоғары кәсіби кадрларды дайындауда ғылыми – білім беретін орталық ретінде бағытталған:
Республикамыздың тағам және жеңіл өнеркәсібі саласының ғылыми қызметінде университеттің жетекші ұстанымын табысты бекіте отырып, университетте 3 Ғылыми – зерттеу институт жұмыс істейді: өзінің құрамында 4 күрделі ғылыми – зерттеу зертханасы бар, тағам технологиясының Ғылыми – зерттеу институты және жеңіл өнеркәсібінің күрделі Ғылыми – зерттеу институты, сонымен бірге аккредиттелген «Тағам қауіпсіздігі» сынамалы зертханасы бар, тағам қауіпсіздігінің Ғылыми – зерттеу институты. Университет базасында №67 «Жаңа кезеңнің тағам өнімдері және технологиясы» стандартизациясы бойынша ИСО ТК № 34 «Тағам өнімдері» Халықаралық техникалық комитеті мүшелігіне толық құқылы Техникалық комитет жұмыс істейді. Унивсерситетті зерттеу унивсерситеті ретінде қалыптастыруда ғылым және технология дамуының приоритетті бағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізудегі практикалық міндеттер қойылады.
Ғылыми өзекті мәселелерді зерттеу және ғылыми мәселелерді шешу үшін жас ғалымдардың және мамандардың күшін нығайту мақсатымен университетте Жас ғалымдардың кеңесі (ЖҒК) жұмыс істейді. Университет жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Фондымен белгіленеді: Бұл жетістіктер тұтастай университет беделін және жас ғылымның мәртебесін дамытуға және қолдауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісімді ҒЗЖ орындалуы. Орындалатын ғылыми зерттеудің негізгі көлемі іргелі зерттеулердің (70%-ға дейін) үлесіне, сонымен қатар тәжірибелік – құрастырымдық жұмыстардың (30%-ке дейін) орындалуына тиесілі.
Мемлекеттік және шаруашылық келісімді қаржыландырылатын ҒЗЖ жоспарына сәйкес, 2015 жылы университетте қаржыландырылатын ҒЗЖ орындалуда, ол ҒЗЖ барлығы – республикалық және халықаралық бағдарламалар мен жобаларға кіретін мемлекеттік бюджеттік, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырылатын ҒЗЖ.
Алматы, 050012, Төле би көшесі, 100
+7 727 221-88-08
+7 727 293 52 95
+7 727 317-00-53
+7 727 293-52-96
+7 707 221-88-08