«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Сулейменова Мария Шаяхметовна

Жұм.тел.:
8(727) 396-71-33, (іш. 137)

E-mail:
s.mariyash@mail.ru, m.suleimenova@atu.kz

БАСШЫЛЫҚ

КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: СҮЛЕЙМЕНОВА МАРИЯ  ШАЯХМЕТҚЫЗЫ

Білімі: жоғары білімді (С.М.Киров атындағы ҚазМУ, химия факультеті, 1985ж.), химия ғылымының кандидаты (КСРО ЖАК, Мәскеу қ., Н.Д.Зелинский атындағы Органикалық химия институты, 1991 ж.), доцент (ҚР ЖАК, 1997 ж.), АТУ профессоры (2016ж.).

Біліктілігі: химия пәнінің оқытушысы.

Еңбек өтілімі: ғылыми-педагогикалық еңбек өтілімі 30 жылдан астам.

Жетістігі: 2014 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағынының иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінін құрметті қызметкері (2017ж.), "Atu-Line" сайтында "Вконтакте" әлеуметтік желісінде студенттердің дауыс беру нәтижелері бойынша "АТУ үздік оқытушысы" (2015 ж.), Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚР ЖОО Қауымдастығының медалі (2023 ж.), ҚР ҒжЖБМ Құрмет грамоталары, «Парасат» Алматы қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының грамотасы, Алматы қаласының әкімшілігінің грамотасы, 200-ден астам ғылыми-педагогикалық жұмыстары, соның ішінде ҚР ҒжЖБМ және РОӘК грифімен 20 оқулық және оқу құралдары жарияланған.

Қаржыландырылатын ғылыми жобаларға қатысу:

  • Биологиялық белсенді заттарды синтездеудің ғылыми негіздері мен технологиясын әзірлеу және оларды емдік-профилактикалық мақсаттағы тағамдарды құруда қолдану.
  • "А" және "Е" витаминдері синтезінің жартылай өнімдерін селективті гидрирлеудің инновациялық технологиялары мен катализаторларын әзірлеу және оларды тамақ өнеркәсібінде қолдану.
  • Суармалы күкіртті жер топырақтарында мақта өндіру кезіндегі топырақ тығыздығының және оның құнарлылығының проблемаларын шешу үшін агромелиорация әдістері.
  • Инновациялық нанотехнологиялар негізінде тамақ өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігін мониторингілеу және оңтайландыру.

Ғылыми тағылымдама:

  • Чехия Республикасы, Прага: Прага химия және технология университеті.
  • Италия, Милан: Милан университеті.
  • Қырғыз Республикасы, Бішкек: И. Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті жанындағы химия-технологиялық ғылыми-зерттеу институты.
  • Қытай Халық Республикасы, Үрімші қаласы: Шыңжаң экология және география институты.
  • Ресей Федерациясы, Краснодар қ.: Кубань мемлекеттік аграрлық университеті, "Биотехнология және тамақ өнімдерін сертификаттау" ғылыми-зерттеу институты.
  • Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.: "ФНЦ пищевых систем им. В. М. Горбатова" РАН.

e-mail: s.mariyash@mail.ru,  m.suleimenova@atu.kz

тел: 8(727) 3967133, ішкі 137

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз