«Өңдірістік үдерістердің машиналары және аппараттары» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Алимкешова Асель Халмаханбетовна

PhD докторы

1975 жылы Алматы филиалының «Арнайы технологиялар» кафедрасы негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының үш дербес кафедрасы құрылды, оның ішінде «Өндірістік процестер машиналары мен аппараттары» кафедрасы.
Кафедраның ұйымдастырушысы және алғашқы меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты, доцент Абдрахман Бобеевич Бобеев болды.


Кейінгі жылдары кафедраны механизация және инжиниринг саласындағы жетекші ғалымдар басқарды: Ж.М. Истаев, Д.С. Избасаров, К.Р. Репп, А.Б. Бекбаев, А.Б. Оспанов, К.К. Күзембаев, Б.А. Рскелдиев, А.А. Сурашов, С.С. Джингильбаев, М.Ж. Еркебаев, С.С. Усупов, Е.Д. Шамбулов.


2025 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраны ассистент профессор, PhD докторы Асель Халмаханбетқызы Алимкешова басқарады – халықаралық «Болашақ» бағдарламасының иегері. Ұлыбританияда «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен. ТМД ғылыми-білім беру ұйымдары арасында «2020 жылғы үздік жас ғалым» I дәрежелі дипломы мен төсбелгісінің иегері. 2018 жылы Украинадағы Одесса ұлттық тамақ технологиялары академиясында тағылымдамадан өкен.
 

Педагогикалық құрам

Кафедрада 31 оқытушы бар, оның ішінде 22 штаттық (77,3%), ғылыми дәрежелілердің үлесі 54,8%.

Білім беру үдерісіне 2 тәжірибелік оқытушы және шетелдік жоғары оқу орындарынан 2 профессор тартылған, бұл академиялық білім мен тәжірибенің интеграциясын және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Дуалды білім беру бағдарламасы аясында кафедра студенттері «ТЕҢІЗ» ЖШС серіктес кәсіпорнында теориялық және практикалық дайындықтан өтеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ТМО және ХМиСК білім беру бағдарламаларының бакалаврлары Қ.И.Раззаков атындағы ҚТТУ-де өндірістік тәжірибеден өтеді.

ТМО докторанттары Еуропа, Ұлыбритания және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында халықаралық тағылымдамадан өтеді.

Кафедра мақтаныштары – оқытушылар

Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамында мемлекеттік және халықаралық марапаттарға ие беделді ғалымдар мен педагогтар бар:

  • Цой А.П. — ҚР БҒМ «Құрмет грамотасы», ИИДМ «Құрметті машина жасаушы» атағы, «Ғылымды дамытудағы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Құрмет белгісі» медальдарымен марапатталған, Халықаралық тоңазытқыш академиясының академигі;
  • Усупов С.С. — ҚР БҒМ министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған;
  • Медведков Е.Б. — ҚР БҒМ мойындауымен «ЖОО үздік оқытушысы» атанды, «Ғылымды дамытудағы еңбегі үшін» және «Құрмет белгісі» медальдарымен марапатталған;
  • Күзембаев К.К. — ҚР БҒМ «Ғылымды дамытудағы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» марапаттарына және ҚР Президентінің «Құрмет грамотасына» ие. Сондай-ақ «Тоғызыншы бесжылдықтың екпіндісі» белгісінің куәлігі бар;
  • Джингильбаев С.С. — Халықаралық информатизация академиясының толық мүшесі;
  • Умбаталиев Н.А. — ҚР БҒМ мемлекеттік грантының «ЖОО үздік оқытушысы» иегері;
  • Алшынова А.М. — «Bilim-Өркениет» НИНИЦ «ЖОО Құрметті педагогі», Халықаралық информатизация академиясының академигі, ҚР БҒМ «Құрмет грамотасы» иегері;
  • Қайырбаева А.Е. — ЖЖЖООКБС «Үздік педагог» марапатының лауреаты;
  • Шамбулов Е.Д. — ҚР БҒМ алғыс хатымен марапатталған.
     

Жетістіктер мен тану

Кафедраның білім беру бағдарламалары жыл сайын келесі ұлттық аккредитациялық агенттіктердің рейтингтеріне қатысады:
НАОК (Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттік),НААР (Ұлттық аккредитация және рейтинг агенттігі),сондай-ақ «Атамекен» ҰКП рейтингтері.

Кафедра миссиясы

«Өндірістік процестер машиналары мен аппараттары» кафедрасының миссиясы — заманауи білімге, практикалық дағдыларға және инновациялық ойлауға ие, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті жаңа буын инженерлерін даярлау.

Кафедра инженерлік білім беру, ғылым және тәжірибе орталығы болуға ұмтылады, Қазақстан мен шетелде сұранысқа ие мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.

Кафедра мақсаттары

  • Халықаралық стандарттар мен еңбек нарығы талаптарына сәйкес жоғары сапалы білім беру процесін қамтамасыз ету;
  • Студенттерде практикаға бағытталған инженерлік ойлау құзыреттерін қалыптастыру;
  • Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін дамыту;
  • Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және академиялық алмасу бағдарламаларына қатысу;
  • Инновациялық оқыту технологиялары мен дуалды білім беру бағдарламаларын енгізу.
     

Кафедра міндеттері

  • Тамақ және тоңазытқыш өнеркәсібі саласындағы өзекті инженерлік бағыттар бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • Оқу үдерісін заманауи әдістер мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып ұйымдастыру;
  • Өндірістік процестер машиналары мен аппараттары, инжиниринг және автоматтандыру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • Студенттердің практикалық дайындығын қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамыту;
  • Оқытушылар мен жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін қолдау және дамыту;
  • Ұлттық және халықаралық ғылыми конференциялар, гранттар мен байқауларға қатысу.
     

Кафедра функциялары

  • Саладағы заманауи талаптарға сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту;
  • Оқу процесінің әдістемелік және ғылыми қолдауын қамтамасыз ету;
  • Серіктес кәсіпорындар базасында студенттердің өндірістік және диплом алдындағы тәжірибесін ұйымдастыру;
  • Курстық, дипломдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқару;
  • Оқу және ғылыми материалдарды әзірлеу мен жариялау, оқытушылардың біліктілігін арттыру;
  • Академиялық мәдениетті, тәлімгерлікті және ұрпақтар сабақтастығын сақтау және дамыту.
     

Қызметкерлер

Жүктеу файлдары

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз