Кафедра меңгерушісі
Зиятбекова Гулзат Зиятбеккызы
Доктор PhD, қауымдастырылған профессор
E-mail:
ziyatbekova1@gmail.com; g.ziyatbekova@atu.edu.kz
Кафедра мекен жайы:
Фурката көшесі, 348/4, Кабинет 319-2Б
«Компьютерлік инженерия» кафедрасы 1989 жылы құрылған. Оның алғашқы атауы «Автоматтандыру және есептеу техникасы», Жамбыл жеңіл өнеркәсіп институтының Алматы филиалы болды. 1996 жылы кафедра өз атауын Алматы технологиялық институтының «Информатика және қолданбалы математика» деп өзгертті, 1999 жылдан кафедра «АТУ» АҚ базасында жұмыс істеп келеді. 2012-2023 жылдар аралығында кафедра «Ақпараттық технологиялар» деп аталды. 2023 жылы кафедра екіге бөлінді, солардың бірі - біздің кафедра – «Компьютерлік инженерия».
Кафедра құрылғанда, кафедра меңгерушісі лауазымына PhD докторы, қауымдастырылған профессор Кашаганова Г.Б. тағайындалып, ол бұл қызметті 2025 жылға дейін атқарды.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне PhD докторы, қауымдастырылған профессор Зиятбекова Г.З. тағайындалды.
«Компьютерлік инженерия» кафедрасы компьютерлік жүйелердің бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуін жобалау, әзірлеу және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Компьютерлік инженерия саласындағы мамандар жаңа технологияларды жасау, бар жүйелерді жетілдіру, енгізілген шешімдерді әзірлеу және компьютерлік технологиялар саласындағы мәселелерді шешу бойынша жұмыс істейді.
Кафедра бакалавриат пен магистратураға арналған екі білім беру бағдарламасын іске асырады: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Бағдарламалық инженерия».
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мен «Бағдарламалық инженерия» бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер электроника, бағдарламалау, компьютер архитектурасы және желілер саласындағы білімді игереді, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, оның ішінде виртуалды және толықтырылған шындық (VR/AR) технологиялары да бар.
Білімді, жинақталған тәжірибе мен әлеуетті пайдалана отырып, есептеу техникасының бағдарламалық қамтамасыз етуін жобалау, әзірлеу үшін теориялық білім мен инженерлік дағдыларды қолдануға қабілетті IT-мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
Инновациялық ойлауы бар, теориялық, қолданбалы білімі бар және IT-индустрия саласында инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті IT-мамандарды даярлау үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
• әр түрлі мақсаттағы компьютерлік құрылғыларға арналған аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеу, әзірлеу және жобалау кезінде озық ақпараттық технологиялар саласында студенттерді көп деңгейлі даярлауды жүзеге асыру;
• оқыту сапасын үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету;
• білім беру бағдарламаларын жаңарту және жаңғырту;
• кафедраның оқу зертханаларының материалдық - техникалық базасын дамыту, жаңғырту және нығайту бойынша жұмыстар жүргізу;
• білім беру сапасын жақсарту үшін басқа университеттердің ғалымдарымен және IT - саланың озық кәсіпорындарымен байланыс орнату, оқу, өндірістік, диплом алдындағы практикаларды жүргізу және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларын орындау;
• кафедра түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсету, ұсыныстар, кеңестер және қолдау көрсету;
• кафедраның кадрлық әлеуетін дамыту, олардың ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру, кәсіби өсуді қолдау және ПОҚ-ның тренингтерге, семинарларға, конференцияларға және ғылыми іс-шараларға тұрақты қатысуына жәрдемдесу;
• есептеу техникасы мен инфокоммуникациялық жүйелердің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға бағытталған практикалық және ғылыми қызметті жүзеге асыру;
• ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу және ғылыми-зерттеу базасын дамыту.
Кафедра меңгерушісі
Техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі
Қауымдастырылған профессор
Қауымдастырылған профессор
Ассистент-профессор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор
Сеньор-лектор