Кафедра меңгерушісі
Орманбекова Айнур Алибековна
Ассистент профессора, PhD-доктор
Жұмыс тел.:
+7 707 323 2923 (вн. 155)
Эл.адрес:
a.ormanbekova@atu.edu.kz
«Автоматтандыру және робототехника» кафедрасы 1957 жылы құрылған және алпыс жылдан астам уақыт бойы автоматтандыру және робототехника саласында жоғары білікті инженер мамандарын даярлау бойынша жетекші орындардың бірін алып келеді.
Әр кезеңде кафедраны келесі профессорлар басқарды: Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиевич, Түсіпов Амангелді Түсіпұлы, Абдрахимов Урал Түтқабаевич, сондай-ақ доценттер Ямщиков Игорь Николаевич, Цунваза Хаким Юсупович, Костюченко Владимир Михайлович, Қарымсаков Камалхан Уәлиұлы және Ержанов Нұрлан Мәуленұлы. Кафедраның дамуына Аймұрзаев Амангелді Тұқтұбаевич, Абдураимов Ералы Ертаевич және Сайденова Фирузә Абдуллақызы елеулі үлес қосты.
2018 жылдан 2021 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., доцент Сейткулов Абдумалик Рахимович басқарды, оның тұсында кафедраның атауы «Автоматтандыру және робототехника» болып өзгертілді. 2022 жылдан 2024 жылға дейін кафедраны қауымдастырылған профессор, PhD Тоғжанова К.О. басқарды.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны PhD, ассистент-профессор Орманбекова Айнұр Әлібекқызы басқарады. Бүгінде кафедра оқытуға инновациялық тәсілдерді белсенді түрде енгізуде, индустриялық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтып, халықаралық байланыстарды кеңейтуде.
Дуальды білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде кафедраның студенттері мен магистранттары «СТиМ-АЗИЯ» ЖШС серіктес кәсіпорнында оқып, тәжірибеден өтеді, бұл өндірістік байланыстарды нығайтуға және кәсіби дайындық сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұдан бөлек, оқу процесіне өндірістік тәжірибесі бар мамандар белсенді тартылған – кейбір пәндерді АҚ «Halyk Bank» мен «Rafis» ЖШС қызметкерлері жүргізеді.
«ГОП 063 – Электротехника және автоматтандыру» ұлттық рейтингтерінің нәтижелері
Агентства |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
НПП Атамекен 6В07103 Автоматтандыру және басқару, |
9/26 |
12/26 |
13/27 |
10/27 |
НААР «B063 Электротехника и автоматтандыру » 6B07103 – Автоматтандыру және басқару 6B07104 – Роботтар и робототехникалық жүйелер |
4 |
3 |
2 |
* |
НАОКО «B063 Электротехника және автоматтандыру» 6B07103 – Автоматтандыру және басқару 6B07104 – Роботтар және робототехникалық жүйелер
|
* |
4 |
3 |
* |
* - конкурс өткізілген жоқ
Кафедраның миссиясы
Автоматтандыру және басқару, робототехника және цифрлық энергетика салаларында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оларды өнеркәсіп, ғылым және білім салаларында цифрлық трансформация жағдайында тиімді жұмыс істей алатындай етіп дайындау, сондай-ақ интеллектуалды өндірістік жүйелердің дамуына ықпал ету.
Кафедра мақсаты
6B07103 – Автоматтандыру және басқару, 6B07104 – Роботтар және робототехникалық жүйелер, 6B07108 – Өнеркәсіптік робототехника және 6B07109 – Цифрлық энергетика білім беру бағдарламалары бойынша студенттерде кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, бұл мамандарды қазіргі еңбек нарығы мен Индустрия 4.0 талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз ету.
Кафедра міндеттері:
• Қатысты білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың теориялық және практикалық дайындық деңгейін жоғары деңгейде қамтамасыз ету;
• Қазіргі заманғы білім беру технологияларын және дуалды оқыту формаларын оқу процесіне енгізу;
• Студенттер, магистранттар және оқытушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін дамыту;
• Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту;
• Цифрландыру және өндірісті автоматтандыру жағдайында инженерлік ойлау, инновациялық қызмет және тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті түлектерді даярлау;
• Академиялық мобильділікті қамтамасыз ету және студенттер мен оқытушылардың халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға қатысуын ұйымдастыру.
Кафедра меңгерушісі, PhD, ассистент профессор
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
м.а., ассоц. профессор, PhD докторы
сеньор- лектор
Техникалық ғылымдар докторы, профессор
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
PhD, ассистент профессор
т.ғ.д., ассоц. профессор.
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
ассистент техникалық ғылымдар магистрі
ф.-м.ғ.д., ассоц. профессор.
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
сеньор-лектор
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
т.ғ.к., ассистент профессор
Техника ғылымдарының докторы, Профессор
сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі
т.ғ.д., ассистент-профессор
сеньор-лектор Техникалық ғылымдар магистрі