«Экономика және менеджмент» кафедрасы өзінің күнделікті қызметінде білім алушыларға есте қаларлықтай керемет студенттік өмірді қамтамасыз етуге ұмтылады.
«Экономика және менеджмент» кафедрасында «Жас басқарушылар мектебі» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірменің мақсаты студенттердің ғылыми, шығармашылық, ұйымдастырушылық және көшбасшылық әлеуетін жетілдіру болып табылады. Үйірменің өткізілу түрлері:
Кафедра сонымен қатар білім алушылардың университет қабырғасында жыл сайын өткізілетін «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясын инновациялық дамыту», «Үздік Стартап» конкурсы, «Күн мен ай» және де басқа іс — шараларға қатысуын қамтамасыз етеді.
Олардан бөлек кафедрада әрбір студент үшін – күзгі бейімделу, кафедра күні, бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау, golden middle, жаңа жыл сияқты ерекше іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.
Кафедра студенттері кафедраның, факультеттің және университеттің қоғамдық және ғылыми-зерттеу өміріне белсенді қатысады.
Студенттердің бастамасымен факультетте және жатақханада белгілі жазушылармен, ақындармен, журналистермен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен бірнеше рет кездесулер ұйымдастырылды. Факультетте КТА командасы бар.
Сонымен қатар біздің университетімізде «Golden team» заманауи би тобы, «Домбыра дастан» домбыра үйірмесі, «АТУ Еріктілер лигасы», «Тұмар» би ансамблі, әр-түрлі іс-шараларды ұйымдастырушы «Union atu» командасы, «Футбол клубы», «Tai Na models» сән көрсету клубы және де «Жастар Рухы», «Жастар ИПК» сынды көптеген үйірмелер белсенді жұмыс жасайды. Студенттер бұл жерде өздерінің таланттарын шыңдап, жақсы қырларынан танылып, өздеріне дамушы орта қалыптастырады.