«Экономика және менеджмент» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ) ғылыми қызметі:
– оқытушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналдарда, Scopus дерекқорына кіретін халықаралық журналдарда, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексінде (РҒДИ) ғылыми мақалалар жариялайды.
Оқытушылар мемлекеттік және жеке гранттармен қаржыландырылатын, сондай-ақ бастамашыл негіздерде ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеумен және іске асырумен айналысады.
Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастамашыл тақырыптарын орындайды, 2022-2024 жылдарға МҒТС ҒО-да 2 тақырып тіркелді:
1. Сүт және сүт өнімдерінің ішкі және сыртқы нарығын дамыту перспективалары, № 0122РКИ0053, ғылыми жетекші: PhD докторы, қауымдастырылған профессор Саханова Г.Б.
2. Көкөністерді өңдеу бойынша шағын зауыттар құру жобасын әзірлеу, № 0122РКИ0056, ғылыми жетекшісі: э. ғ. к., сениор-лектор Баяхметов Т.Б.
«ЭжМ» кафедрасы 2023-2025 жылдарға арналған АТУ гранттық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатыса отырып, «Сүт және сүт өнімдері нарығы: қазіргі жағдайы, даму үрдістері мен болашағы» тақырыбында ҒЗЖ орындайды.
«Экономика және менеджмент» кафедрасының білім алушыларының ғылыми-зерттеу қызметі олардың академиялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол оқытылатын пәнге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, менеджмент, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында сыни ойлау мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Кафедра білім алушыларының ғылыми-зерттеу қызметі келесідей: