Кафедраның спорттық – бұқаралық және дене шынықтыру – сауықтыру жұмысын жақсарту, бос уақытты ұйымдастыру және студенттік ортаға салауатты өмір салтын енгізу, спорттық шеберлікті арттыру және спорт резервін дайындау мақсатында мынадай негізгі бағыттар айқындалды:
- дене тәрбиесі процесін бағдарламалық – әдістемелік қамтамасыз етуді жаңғырту;
- заманауи инновациялық дене шынықтыру – сауықтыру технологияларын әзірлеу;
- спорттық – бұқаралық іс – шараларды және дене жаттығуларымен өз бетінше айналысуды ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу;
- «дене тәрбиесі» кафедрасының ғылыми әлеуетін магистратурада, докторантурада оқыту және біліктілігін арттыру арқылы нығайту;
- студенттік жастарды, университет қызметкерлері мен профессор – оқытушылар құрамын салауатты өмір салтына тартуға бағытталған спорттық-бұқаралық және сауықтыру іс – шараларын тұрақты өткізу.