Халықаралық ынтымақтастық

Меморандумға сәйкес "Дизайн" кафедрасы Еуропалық дизайн институтымен (Италия, Комо қаласы) бірлесіп "Дизайн" мамандығы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты жалғастыруда (оқыту траекториясы – "Сән дизайны").

Алдо Галли атындағы (Италия, Комо қ.) бейнелеу өнері Академиясымен ынтымақтастық аясында KFW Астана қаласымен бірлесіп "Fashionforfuture 2019" халықаралық байқауы өткізілді, онда осы мамандықтың студенті Бекетаев Нұрдәулеттің – "Young" топтамасы екінші орынға ие болды, ал конкурсант Fall-Winter 2019-2020 маусымына AstanaFashionWeek-ке қатысуға грант ұтып алды.
2019 жылдың мамыр айында жас дизайнерлер мен сәнгерлердің "Жас Өркен 2019" халықаралық байқауы аясында Алдо Галли атындағы (Италия, Комо қ.) бейнелеу өнері Академиясының өкілі Екатерина Антоновамен ағылшын және итальян тілдерін меңгеру үшін 2 курс студенттерімен  сұхбаттасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер "Дизайн әдістемесі және коллекциялар әдістемесі", "Сурет салу әдістемесі. Хроматология ", "Бейнелеу өнеріне арналған сандық қосымшалар" пәндері бойынша шығармашылық портфолио және емтихан жұмыстарын ұсынды. Студенттер сұхбаттасудан өтіп, Алдо Галли атындағы (Италия, Комо қ.) бейнелеу өнері Академиясында 3 және 4 курстарда оқуын жалғастыруда. 
И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетімен ынтымақтастық жалғасуда. "Сән дизайны" мамандығының 5 студенті – С.Сапарова, Б. Жолдыбай, Л. Яндиева, А. Бисенбаева, Ж. Төлекбаева ҚМТУ базасында жазғы өндірістік тәжірибеден өтті. И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің студенттері – Сұлтаналиева Б.,  Әбдиева А., Қоңырбаева А., Ниязбекова Б. жазғы өндірістік тәжірибеден өту үшін Алматы Технологиялық Университетіне "Дизайн" кафедрасына келді.
Студенттер Гайденрайх М., Сыздықова Г., Мұса К., Ысқақова А. 2018-2019 оқу жылының екінші семестрі кезеңінде International Design College of Shanghai Jian Qiao University  (Шанхай, Қытай) академиялық ұтқырлық бойынша оқып келді.

Сондай-ақ, академиялық ұтқырлықты іске асыру аясында "Дизайн" кафедрасының базасында 2018-2019 оқу жылының екінші семестрінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің (Қызылорда) студенті А. Тәжібай Алматы Технологиялық Университетінде білім алды.
Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары бағытында жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.  Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша білім алушылар Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне, АҚ Қазақ технология және бизнес университетіне, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне жіберіліп тұрады.     Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша "Дизайн" білім беру бағдарламасының білім алушылары Intermark international design College of Shanghai Jian Qiao University (Шанхай, Қытай), Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтында (Ташкент, Өзбекстан) білім алуда. 

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз