“Дизайн” кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Абдикаева Айгуль Калдыбековна

“Дизайн” кафедрасы «Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қазіргі уақытта кафедра екі білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асырады:

6В02101 – "Дизайн" білім беру бағдарламасы

6В02101 – "Дизайн" білім беру бағдарламасының  екі траекториясы бойынша – "сән дизайны" және "графикалық дизайн" дайындықты жүзеге асырады. Дайындық ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 03.02.2010 жылғы № 0137401 лицензиясы негізінде жүзеге асырылады және өнер бакалавры академиялық дәрежесін береді.

Орта білім беру базасында оқу мерзімі 5 жыл, техникалық және кәсіптік білім беру базасында – 4 жыл. Бакалаврларды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған, тігін зертханалары, графикалық дизайн зертханалары, шығармашылық шеберханалар, дайындық бейініне сәйкес практикалық сабақтарға арналған аудиториялар бар.

6В02102 - "Fashion дизайн"  білім беру бағдарламасы

6В02102 – "Fashion Design" білім беру бағдарламасының мақсаты сән индустриясы үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті дизайнерлерді дайындау болып табылады, олар кәсіби құзыреттілікке ие, динамикалық өзгерістер мен сән трендтеріне бейімделе алады.

6В02102 – "Fashion дизайн" білім беру бағдарламасы екі траектория бойынша дайындық жүзеге асырады:

- Fashion дизайны;

- Текстиль дизайны.

Оқу мерзімі-5 жыл.

Оқуды аяқтағаннан кейін білім беру бағдарламасы 6В02102 – "Fashion Design" бойынша өнер бакалавры дәрежесі беріледі.

6В02102 – "Fashion Design" білім беру бағдарламасы түлектері келесі құзыреттерге ие болуы мүмкін:

  • - сән және текстиль индустриясының әртүрлі "көркемдік жүйелері" өнімдерінің шығармашылық тұжырымдамасын әзірлеу;
  • - дизайн қызметін жүзеге асыру процесінде шығармашылық ұжымның жұмысына басшылық жасау;
  • - сән және текстиль  дизайны саласында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру;
  • - бұйымдарды өндіруді және өткізуді қамтамасыз ету;
  • - серіктестермен және өндірістік қызметкерлермен шығармашылық өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Қызметкерлер

Жүктеу файлдары

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз