Ректордың блогы

Ректор

Құлажанов Талғат Құралбекұлы

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

Құрметті сайтқа кірушілер!

Менің Ашық Үкімет блогындағы жеке парақшама хош келдіңіздер!

Интербелсенді алаң, мен басқарып отырған Алматы технологиялық университетінің қызметіне қатысты ұсыныстар енгізуге, барлық мүдделі тұлғаларға өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді.

Біздің университет жұмысының басты басымдықтары – білім және ғылым саласында сапалы, заманауи қызметтерді ұсыну, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, инжиниринг және IT, бизнес, қонақжайлылық индустриясы және сервис саласындағы бағыттар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау.

Өз парақшамызда біз сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге, университеттің жұмысы туралы маңызды және өзекті ақпаратпен бөлісуге тырысамыз.

Блог маңызды тақырыптарды талқылау және АТУ қызметін одан әрі жетілдіру үшін қосымша құрал болады деп үміттенемін.

Сонымен қатар, сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды біздің университеттің www.atu.edu.kz сайтында қалдыра аласыз.

Өмірбаяны

Құлажанов Талғат Құралбекұлы

1967 жылы 22 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының (қазіргі Алматы технологиялық университеті) Алматы филиалын "Технология және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру"мамандығы бойынша бітірген.

2001 жылы 08.00.05 – "Экономика және халық шаруашылығын басқару" мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінде, ал 2005 жылы 05.18.12 – "Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары" және 05.18.01 – "Дәнді, бұршақ дақылдарын, жарма өнімдерін өңдеу, сақтау және өңдеу технологиясы" мамандығы бойынша ғылым докторы ғылыми дәрежесінде бекітілді, жеміс-көкөніс өнімдері мен жүзім шаруашылығы". 2006 жылы доцент, ал 2007 жылы профессор ғылыми атағы берілді.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2020 ж.), Халықаралық Инженерлік академияның академигі (Ресей, 2012 ж.) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі (2012 ж.), Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры (2008 ж.), Еуропа Ректорлары клубының мүшесі (2008 ж.), Халықаралық инновациялық технологиялар академиясының академигі (iate,Германия, 2007), Ұлыбританияның Оксфорд Академиялық Одағының танылған мүшесі (2015).

Еңбек қызметі

  • 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы технологиялық университетінің ректоры.
  • 2007-2014 жылдары – Алматы технологиялық университетінің президенті.
  • 2002-2007 жылдары – Алматы технологиялық университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2001 – 2002 жылдары – Алматы технологиялық университетінің Басқарма төрағасы.
  • 1999-2001; 1997-1998жж. – Алматы технология және бизнес университетінің проректоры.
  • 1998-1999 жылдары – "Акцепт-А" ЖШС директоры.
  • 1995-1997 жылдары – "Ернұр" ЖШС директоры.
  • 1991 -1995 жылдары – "Агат" мейрамханасының директоры.

Задать вопрос

Ваша вопрос отправлен!

Танымал сұрақтар

Біздің университетте әскери кафедра бар ма? (Баубеков Рамазан, ДТжТҚ студенты:)

Біздің университетте әскери кафедра жоқ, бірақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетімен жасалған келісім шарт арқылы оқуға мүмкіндік бар. Қалай өтініш беру керегі туралы ақпараттарды біздің сайттан көре аласыздар. Өтінішті 1-2 курс студенттері бере алады.Оқу ақылы болады. Бұрын бағасы 400 мың тенге көлемінде болатын, қазір 250 мыңға дейін түсірді. Өздеріңіз шарттарымен танысып, еш кедергісіз оқуға түсе аласыздар.

Должна ли я после окончания отрабатывать по своей специальности? (Студентка ФДТТиО)

Если вы обучались на государственного гранта, то вы обязаны отработать три года. Если не хотите отрабатывать, то вы должны возместить в государственный бюджет, выделенную вам сумму на обучение. От отработки освобождаются — в случае беременности, имеющие детей в возрате до 3 лет и студенты, поступившие в магистратуру.

Біз 3 курста оқып жатырмыз, диплом алған соң университет тарапынан жұмысқа орналасуға көмек бола ма? (Слам Балнур, ДТжКТФ 21-11 студенты)

Университеттің Мансап орталығы сол үшін жұмыс істейді. Жұмыс таба алмаған бітірушілерге көмектесеміз. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығында Жастар тәжірибесі бағдарлмасы бойынша бір жылға жұмысқа туруға болады. 126 мың тенге қөлемінде айлық төлейді. АТУ-да қазір осы бағдарлама бойынша 20 бітіруші жұмыс жасап жатыр. Негізі біздің университет денгейінде жұмысқа орналасу орта есеппен 85%. Мансап орталығы үш жыл аралығында бітірушілерге жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.  

При поступлении на платное отделение мы подписывали договор по оплате за обучение в размере 650 тыс. тенге в год. Будет ли эта сумма сохраняться на все годы обучения? (Фардаева Карина, студентка 1 курса, староста группы Дизайн 22-21)

Стоимость обучения устанавливается на один учебный год с учетом инфляции, повышения стоимости коммунальных услуг и др. Ежегодно она пересматривается. Например, по государственному гранту стоимость обучения по вашей специальности 920 тыс. тенге, мы установили ее меньше, в размере, 650 тысяч тенге. Пункт о пересмотре стоимости за обучение есть в договоре, который вами подписывался.

Бізге бұрын Жол ақысы деп қосымша ақша түсетін еді. Биылдан бастап түспей қалды. Не себепті екенін білуге бола ма? (Бақыт Айым, ТТФ студенты)

Бұл мәселе бізге байланысты емес. 2022 жылы 4 ақпаннан бастап жол ақысы тек алыс мекендерде тұратын студенттерге таксиден басқа көлік түрлеріне, мысалы, автобус, поезд, самолет билеттерін өткізген жағдайда ғана түсетін болды.

Меня интересует вопрос, почему в нашей столовой такие высокие цены? Можно их сделать более доступными? (Баракова Жания, студентка ФПТ)

Цены столовая устанавливает в соответствиии с калькулцией. Они тоже напрямую зависят от роста стоимости  продуктов питания. Цены в нашей столовой не выше,чем по городу. Вы можете сами провести мониторинг. Также Совету молодежи будет поручено провести мониторинг цен по городу. Мы открыты к диалогу.

Намаз оқитын студенттерге арнайы бөлме қарастырылған ба? (Тілеуберген Айбын, студент ФПТ)

Білім ордаларында намазхана және т.б діни ғұрыптар өткізуге арналған орындар ашуға тыйым салынған. Сондықтан да арнайы бөлме бөліп бере алмаймыз.

В нашем университете развиты такие виды спортивных секций, как волейбол и футбол. Планируется ли открытие секции бокса, борьбы? (Ануаров Алишер, студент ФЭИБ)

Мы занимаемся этим вопросом. Прорабатывается возможность открытия секций по боксу, мини-футболу, борьбе, также по фитнесу. Все это планируется запустить в ближайшее время. Также будем организовывать разные соревнования.

У меня нет вопросов, касающихся учебного процесса. Решите, пожалуйста, вопрос с лифтом. Раз в два дня он выходит из строя. Приходится подниматься пешком, из-за чего опаздываем на занятия. (Бауырбеков Алдияр, студент)

Об этой проблеме мы знаем. В этом году мы заменили лифты в главном учебном корпусе и в корпусе 2А. Постараемся в 2023 году произвести замену лифта в корпусе 2Б.

После третьего курса у нас была практика в отеле в Турции. Нас очень хорошо встретили, создали прекрасные условия. Я хочу выразить огромную благодарность руководству АТУ за предоставленную возможность и отличный опыт. (Мусабек Милана, студентка ФЭиБ)

Данное сотрудничество с турецкими партнерами продолжится. Мы будем стараться предоставить такую возможность каждому студенту, чтобы желающие могли выехать за границу, пройти хорошую практику и получить бесценный опыт. Мы планируем расширить перечень образовательных программ для прохождения зарубежной практики, включив туда образовательные программы «Менеджмент», «Государственное и местное управление» и др. Главное условие — у студента не должно быть задолженности.

Мен университет басшыларына үлкен алғыс білдіргім келеді. Себебі негізінде ақылы түрде өткізілетін тренингті біздің студеттер үшін АТУ басшылығы демеушілігімен тегін өткізіп берді. Және бұл бірінші рет емес. Үнемі біздің дамуымыз үшін жан-жақтан қонақтар шақырып үнемі осындай пайдалы практикалық жұмыстар өткізіліп тұрады. (Бегімбай Мөлдір, ЭжБФ студенты)

Иә, бізде әр факультетте мастер-класстар, тренингитер өткізіп тұруға тырысамыз. Себебі заман күнде өзгереді. Тек теориялық білім ғана беріп қоюға болмайды. Іс жүзінде қалай болатынын көрсетіп, тәжірибе алмасу студенттердің жан-жақты дамуына үлесін қосады. Біздің студенттеріміздің тәжірибелі, білікті маман болып шығуына барымызды саламыз. 

Студенттердің арасында ерекше дарынды, алғыр, талантты жастар өте көп. Солар негізгі білімнен бөлек қосымша оқуға, өз туындыларын ойлап табуға мүмкіндік бола ма? Оқу зертханаларын қолдануға бола ма? (Исмұхамбетов Бекзат, ИАТФ студенты)

Бізде үйірмелер қарастырылған. Толық ақпарат алу үшін 426 кабинетке келіп біле аласыздар. Негізі, робототехника, робототехникалық жүйелер деген мамандық – болашағы зор мамандық Соны дұрыстап меңгеру үшін арнайы үлкен аудитория бөлінген. Сол «Роболаб» клубына қызығушылық танытқан студенттер өздерінің бос уақыттарында келіп жұмыс істеуіне болады.

Біздің университетте Ресейдің бірнеше қалаларында жүлделі орын алған, Республикалық сайыстардың жеңімпазы Жұмахан Нұржан робототехника үйірмесін ұйымдастырған. Роботехникаға қызығатын студенттер сол кісіге жолығып үйірмеге қатысып, идеяларыңызды жүзеге асыруларыңызға әбден болады. Қажетті құрал жабдықтарды алып бердік, әлі де тапсырыс беріп қойдық. Болашақта да қандай да өтініштер болса, орындауға әзірміз. Білімді жастардың болашағы үшін университет басшылығы аянбай еңбек етуде.

Студенттер жатақханада немесе үйлерінде ауырып сабаққа келе алмаған жағдайда, оқытушылар «нб» қойып жатады. Сол мәселені қалай шешуге болады?(Абдукаримова Феруза Сайидаликызы)
У нас в группе есть студенты, которые получили скидку за обучение за красный диплом после колледжа. Заканчивается ли скидка по истечению учебного года или действителен на весь период обучения?

Скидка предоставляется на один учебный год.

Босаған ваканттық грант туралы ақпаратты АТУдың https://atu.edu.kz/kk/ сайтына жариялаймыз. Қысқы демалыста студенттің оқу курсы және білім бағдарламасы сәйкес келсе, өтініш білдіре алады. Студенттің оқу үлгерімі негізгі қағида болып есептеледі. Өтініш білдірген студенттердің арыздарын конкурстық комиссия қарастырады және оның нәтижесі ашық түрде сайтта жарияланады.

Бұл сұрақ 4 курс студенттерінің барлығын алаңдатады деп ойлаймын. Біздің алдымызда 2022-2023 оқу жылында бітіріп кеткен түлектер, екінші семестрде қысқы демалыстан кейін диплом алды тәжірибені бірден бастап кеткен болатын, ал биылғы 4 курс студенттері екінші семестрде алдымен 3 пән өтеді, содан кейін тәжірибе өтіледі. Ол қалай болады?

Ия, сіздерде тәжірибе наурыз айында басталады. 
ҚР Министрлік бекіткен жалпы білім беру стандартына сәйкес осы уақытқа дейін тәжірибенің кредиті 12 сағат болатын. Биылдан бастап ол 8 сағат болды. Сол себепті 4 кредит теориялық сабаққа беріліп отыр. Бұл кредит санын бірінші семестрге сыйдыра алмаймыз. Сондықтан қаңтар және ақпан айларында теориялық оқуды өткізуге мәжбүрміз. Содан кейін тәжірибе өтіледі.

Студенттерді жаңа, жақсы жатақханамен қамтамасыз етіп бергендеріңізде №5 жатақхана студенттерінің атынан алғыс білдіреміз. Сіздерге ұсыныс білдірейік деп едік. Сіздер 4 этаждан студенттерге арнап үлкен бөлме ашып бердіңіздер, сол бөлмеге студенттерге арнап проектор, диван және орындықтар орналастырсақ.

Ол мәселені біз қарастырғанбыз. Жақын арада шешіп береміз. 
№5 жатақхананың 4 этажындағы бөлмеге факультеттің деканы Жаксылыкова Г.Н. мен декан орынбасарлары барып қандай заттар керек екенін көріп өтініштерін беріп қойды. Қазір ол заттар  алыну үстінде

РК бағасы көп, бірақ сабақтан қалған күндер 10-нан асып кетсе, студент автоматты түрде жазғы семестрге қалады ма, әлде РК бағасына қарап қалмайды ма?

Бағаларыңыз 50 балдан жоғары болса, онда емтиханға жіберіледі.

Хочу поблагодарить руководство нашего университета за качественное образование и за лучшие студенческие годы. У меня вопрос по магистратуре. После окончания университета будет ли какая нибудь помощь или рекомендации для поступления в магистратуру за границу?

Мы отправляем магистрантов на стажировку за границу. В дипломе бакалавриата есть знак ASIIN. Это знак качества образования на международном уровне.

Ең алдымен Тағам технологиялары факультетінің активистері атынан университет басшылығына алғысымызды білдіреміз. АТУ-ң бас ғимаратында би, ән сияқты әр түрлі үйірмелер жұмыс жасап жатыр. Біздің активист студенттер ол үйірмелерге қатысайын десе, сабақтары кеш бітеді. Біздің №2 оқу ғимаратында үйірме ашылса немесе ГУК-та уақытын кешірек қойса?

Университет көлемінде әр түрлі студенттік үйірмелер мен спорттық үйірмелердің арнайы кестесі бекітілген. Онда №2 оқу ғимаратында акт залда үйірмелер ұйымдастырайық. Сіздер шаралар өткізесіздер, соған дайындаласыздар. Сондықтан сіздерге арнайы уақыт белгілеп берейік.

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз