- +7(707)221 88 08
- +7(727)221 88 08
- |
Menu
Ректор-академик Талғат Құралбекұлы Құлажановтың бастамасымен Алматы технологиялық университетінде 2020 жылдың қаңтар айының 13 жұлдызында «Мәңгілік Ел» гуманистік тұжырымдамасы аясында этносаралық келісім мен толеранттылық рухында студенттік қауымдастықты тәрбиелеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы құрылды.
ҚХА КАФЕДРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:
Мемлекеттік ұлттық саясат шеңберінде мәдениетаралық, этносаралық және конфессияаралық қатынастар контексінде «АТУ» АҚ-да білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ақпараттық-ағартушылық сүйемелдеу;
Студенттік ортада көпэтникалық қоғамның қазақстандық моделін зерделеу және танымал ету;
Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның Еуразия тарихындағы алар орны туралы білімді зерделеу және тарату;
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, түрлі этностардың мәдениетін зерделеу, Қазақстан халқының тілдері мен дәстүрлерін дамытуға үлес қосу;
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
ҚХА КАФЕДРАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
«АТУ» АҚ-да білім беру және тәрбие процестері арқылы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру;
Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық қоғамды топтастырудағы рөлін насихаттау;
Студент жастардың сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыру;
Қазақстан халқы Ассамблеясымен, этномәдени бірлестіктермен байланысты қолдау.
ҚР басқа жоғары оқу орындарының ұқсас кафедраларымен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
ҚР ғылыми әзірлемелері мен негіз қалаушы құжаттарын көпшілікке тарату, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың этносаяси зерттеулер саласындағы ғылыми жетістіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, университеттің, кафедраның қызметі туралы қалың жұртшылықты хабардар ету.
«АТУ» АҚ ҚХА кафедрасының жұмысы мына бағыттар бойынша:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.
Заведующая кафедрой: Кодар Замза Муташевна
Номер: 87019250170
Алматы, 050012, Төле би көшесі, 100
+7 727 221-88-08
+7 727 293 52 95
+7 727 317-00-53
+7 727 293-52-96
+7 707 221-88-08