Объявление о защите на каз Сарыбаевой Э.

Алматы технологиялық университетінде 6D073300 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сарыбаева Эльвира Ермековнаның «Құрылымын жетілдіру есебінен тоқыма жаймасының материалсыйымдылығын төмендету принциптерін жасау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс «Алматы технологиялық университеті» АҚ «Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақша.

Ғылыми кеңесшілері:

  1. Курамысова Меруерт Умербаевна – PhD, «Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасының сениор-лекторы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
  2. Мукимов Мирабзал Мираюбович – техника ғылымдарының докторы, Ташкент текстиль және жеңіл өнеркәсібі институтының профессоры, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы.

Ресми рецензенттер:

  1. Мырхалыков Жумахан Ушкемпирулы – т.ғ.д., профессор, «КазТехникас» ЖШС коммерциялық директоры, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
  2. Туракулов Баходур Сахибаевич – т.ғ.к., доцент, «ШАБИТЕКС» ЖШС өндірісінің басшысы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Тасымбекова Алима Нұржанқызы – PhD, «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық кедендік зертханасы» РММ Алматы қаласындағы физика-химиялық зерттеулер және материалтану сараптамасы бөлімінің бас маманы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
  2. Онгар Тоты – PhD, Дрезден техникалык университетінің профессоры, Дрезден к., Германия.
  3. Рахимова Сауле Маратовна – PhD, «Joseph» (Джозеф)» ЖШС менеджері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
  4. Дониёров Бектош Баходирович – PhD, доцент, Джизак политехникалық институтының «Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Джизак қ., Өзбекстан Республикасы.

Қорғау 2023 жылы 15 желтоқсанда сағат 15:00-де «Алматы технологиялык университеті» AҚ базасындағы 8D07204, 6D072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және кұрастырылуы», 8D07205, 6D073300 «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, конференция залы, 212 кабинет. Сайт адресі: www.atu.edu.kz,  e-mail: d.dzhurinskaya@atu.edu.kz.

Қорғау аралас форматта ZOOM платформасында өтеді:

Конференция идентификаторы: 876 243 6555, кіру коды: Qwerty1234

 

Диссертация

Диссертацияға аңдатпа

Ғылыми жетекшісі пікірі

Шетелдік кеңесші пікірі

Эттикалық комиссиясының қорытындысы

Ғылыми еңбектерінің тізімі