АТУ-ДА PhD ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ!!!
АТУ-да диссертациялық кеңес шешімімен өз жұмыстарын сәтті қорғаған PhD докторанттарға философия докторы дипломдарын салтанатты түрде тапсыру өтті. Салтанатты шараға университет басшылығы, диссертациялық кеңес төрағасы, кафедра меңгерушілері, ғылыми жетекшілер мен кеңесшілер қатысты.
Салтанатты рәсімді АТУ Ректоры Талғат Құралбекұлы Құлажанов құттықтау тілегімен ашып, РһD докторларын дипломдарымен құттықтады. Ректор жас ғалымдардың өз саласының нағыз білгірлері, сұранысқа ие мамандар болатынына және Қазақстан ғылымының дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
“Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті” төрағасының «Дәреже беру туралы» 2023 жылғы 12 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес философия докторының өз үлгісіндегі дипломдары беріледі:
- Медеубаева Жанар Мирасовнаға – 6D072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша;
- Тютебаева Камила Ескендеровнаға – 8D07203 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша;
- Молдақұлова Зілиха Нұрғалиқызына – 6D072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша;
- Шунекеева Алма Айткожаевнаға – 6D072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша;
- Шалгинбаев Даулет Бахдаулетовичке – 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі»мамандығы бойынша;
Құттықтаймыз!!! Алматы технологиялық университетінің докторантурасының түлектеріне, біздің PhD докторларға табыс тілейміз!







