АТУ-да «Тағам, жеңіл өнеркәсіптері және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға жақын және алыс шет елдердің ғалымдары, сала мамандары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, бизнес-құрылымдары мен ҚР-ның БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция барысында келесі бағыттар бойынша баяндамалар ұсынылды:
- Экологиялық қауіпсіз тағам өнімдерін өндіруге арналған шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологиялары. Агроөнеркәсіптік кешендегі Биотехнология және наноматериалдар;
- Жаңа буын өнімдерін өндіруге арналған ресурстарды үнемдейтін, қауіпсіз тоқыма технологиялары. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жобалау тұжырымдамалары мен әдістері;
- Тағам және жеңіл өнеркәсіптің технологиялық процестері мен жабдықтары. Технологиялық процестерді инфокоммуникациялық басқару;
- Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының экономикалық өсу мәселелері. Туризмнің, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің тұрақты дамуы;
- Білім берудегі инновациялық технологиялар.
Конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасанған:
Ибрагимов Нариман Тугельбаевич – Алматы қаласы «Атамекен» КП төрағасының м.а. Баяндама тақырыбы: «Мемлекеттік қолдау шаралары».
Малгожата Корженёвска – т.ғ.д., профессор, Вроцлав экологиялық және биологиялық ғылымдар университетінің «Функционалдық тағам өнімдерін әзірлеу» бөлімінің басшысы. Баяндама тақырыбы: «Құс төс етін дайындауға арналған инновациялық функционалды қоспалар».
Цой Александр Петрович ¬– т.ғ.д., Алматы технологиялық университетінің «Өндірістік үдерістердің машиналары және аппараттары» кафедрасының профессоры. Баяндама тақырыбы: «Тағам өнеркәсібін жылумен және салқындатумен қамтамасыз ету жүйесіндегі заманауи ғылыми-экологиялық шешімдер».
Сондай-ақ, қонақтарға университет ғалымдарының инновациялық әзірлемелерін коммерцияландыру және Қазақстанның тамақ кәсіпорындары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін АТУ оқу-ғылыми орталықтары таныстырылды.
Іс-шараны ұйымдастырушы-АТУ ғылым басқармасы.

