Кітапханашылар күнімен құттықтаймыз!💐
Технологиялық прогресс уақытында өзінің жоғары өзектілігін жоғалтпайтын ең құнды, интеллектуалды мамандықтардың бірі – Кітапханашы екені сөзсіз!📚
АТУ ғылыми кітапханасы – бұл кез-келген ғылыми және көркем әдебиетті табуға болатын, ерекше жайлылық пен мейірімділік атмосфераға толы орын. Мұның бәрі біздің кітапхана ұжымының тынымсыз еңбегі!🫶🏻
Біз Сіздермен мақтанамыз және біздің университеттің білімі мен интеллектуалды дамуына қосқан ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, шабыт және көп оқырмандар тілейміз! 📇
Мерекелеріңіз құтты Болсын!!!❤