6day9rf4fdn3yzpi5giwi7n1gj4u62q5

Алматы қаласында өтетін «Тағам, жеңіл өнеркәсіптері және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2023 жылғы 26 қазанда Алматы технологиялық университетінде, Алматы қаласында өтетін «Тағам, жеңіл өнеркәсіптері және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияға Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің ғалымдары, мамандары, Мемлекет және қоғам қайраткерлері, бизнес-құрылымдар мен БАҚ өкілдері шақырылады.

Конференция бағыттары:

  1. Экологиялық қауіпсіз тамақ өнімдерін өндіру үшін шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологиялары. Агроөнеркәсіптік кешендегі Биотехнология және наноматериалдар;
  2. Жаңа буын өнімдерін өндіруге арналған ресурстарды үнемдейтін, қауіпсіз тоқыма технологиялары. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жобалау тұжырымдамалары мен әдістері;
  3. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптің технологиялық процестері мен жабдықтары. Технологиялық процестерді инфокоммуникациялық басқару;
  4. Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының экономикалық өсу мәселелері. Туризмнің, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің тұрақты дамуы;
  5. Білім берудегі инновациялық технологиялар.

Конференцияға қатысу формасы

– пленарлық баяндама жасау;

– секциялық баяндама жасау;

– баяндамасыз жариялау.

Күні: 26 қазан 2023

Уақыты: 11: 00

Өтетін орны: Райымбек көшесі, 348/4, № 2 оқу корпусы, акт залы.