Изображение whatsapp 2023 09 29 в 13.33.45

Ату-де Қабылдау комиссиясында жаз бойы жұмыс жасаған университет қызметкерлерін марапаттау салтанатты шарасы өтті.

Қабылдау комиссиясында жұмыс жасау – жауапкершілік, ұқыптылық, шыдамдылық, тиянақтылық пен жылдамдық және қырағылықты талап етеді. Жаз бойы демалыссыз, үзіліссіз 24/7 еңбек еткен қабылдау комиссиясының техникалық хатшылар құрамы қандай марапатқа да лайықты.

Алматы технологиялық университетінде Контингентті қалыптастыру басқарма басшысы К.Елшибаеваның ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының Қабылдау комиссиясында жаз бойы жұмыс жасаған университет қызметкерлерін марапаттау салтанатты шарасы өтті.

АТУ дың Бірінші проректоры Нұрахметов Баурыжан Құмрағалиұлы. сөз сөйлеп, Қабылдау комиссиясының құрамына университет контигентін қалыптастырудағы атқарған елеулі еңбектері үшін университет басшылығы атынан зор алғыс білдіріп, Ректор атынан Алғыс хат табыстады.

Өз тарапынан Контингентті қалыптастыру басқарма басшысы К.Елшибаева техникалық хатшылар құрамына естелік сыйлықтар тарту етті.

Құттықтаймыз, табысты жұмыс үшін алғыс айтамыз және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Izobrazhenie whatsapp 2023 09 29 v 13.33.48 1
Izobrazhenie whatsapp 2023 09 29 v 13.33.46 1
Izobrazhenie whatsapp 2023 09 29 v 13.33.44 1