Photo 2023 09 27 14 02 44

АТУ-да«ХХТжЭ» кафедрасында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» атты кіріспе дәрісі өтті

ӨНДІРІС САПАСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

2023 жылдың 26 ​​қыркүйегінде Алматы техникалық Университетінде «ХХТжЭ» кафедрасында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК бастамасымен ШЖҚ-нің студенттері мен магистранттары үшін «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» оқу бағдарламасы бойынша «Мұнай жол битумдары. Полимер-битум байланыстырғыш» атты кіріспе дәрісі өтті. Бас сарапшы Сырымова Жанна Рахметқызы өз баяндамасында мұнай өңдеудің органикалық өнімдерін битумға айналдыру және оны экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін отандық шикізаттан полимерлермен модификациялау негізінде жаңа технологияларды әзірлеуде инженерлік кадрлардың жетіспеушілігінің өткір мәселесін атап өтті. Кездесу «Химия, Химиялық технология және Экология» кафедрасының студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамының қызығушылығын тудырды. Сынақ зертханасында өндірістік тәжірибе өту және кәсіпорынға экскурсия мәселелері қарастырылды.

Photo 2023 09 27 14 02 59
Photo 2023 09 27 14 03 20
Photo 2023 09 27 14 02 44