Жастар мен ПОҚ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде АТУ-да барлық факультеттердің 1-5 курс студенттері арасында «Парасаттылық сағаты» іс-шаралары өткізілді. Іс-шараларда бейнероликтерді қарау және «АТУ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтау қажеттілігі туралы, «АТУ»АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс істеуі туралы хабарлама ұйымдастырылды.
Іс-шараларға тәрбие жұмысы жөніндегі Проректор К.С. Батхолдин, Құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Б. А. Есембаева, АТУ-дың барлық факультеттері деканаттарының өкілдері қатысты.