АТУ-да Тағам технологиялары факультеті мен инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің эдвайзерлеріне арналған семинар өтті.
АТУ-да Тағам технологиялары факультеті мен инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің эдвайзерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шара барысында эдвайзерлердің мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ Study Space жүйесіндегі жұмыс процесіне, студенттерді пәндерге жазуға, оқытушыларды таңдауға және студенттердің өз кестесін қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Эдвайзер (Advisor) – тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері функциясын атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы.