АТУ-да күрделі жөндеуден өткен №5 жатақхананың салтанатты ашылуы өтті.
АТУ-да күрделі жөндеуден өткен №5 жатақхананың салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаев, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев және БАҚ өкілдері қатысты.
АТУ бірінші проректоры Б. К.Нұрахметов пен Тағам технологиялары факультетінің деканы Г. Н. Жақсылықова құттықтау сөз сөйледі.
Жатақханада тұратындардың саны 308 адамды құрайды. Жатақхананың барлық жағдайлары бойынша ең жоғары талаптарға жауап береді. Білім алушылар үшін кір жуатын орындар, асханалар мен асүйлер, компьютерлік сыныптар, демалыс бөлмелері, шектеусіз wi-Fi және коворкинг-орталықтар жабдықталған. Сондай-ақ, жатақханада заманауи бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылған.
Сондай-ақ биылғы жылы университетіміздің қалған 4 жатақханасында жыл сайынғы косметикалық жөндеу жүргізілді, Жиһаз және басқа да мүліктер мен техника жаңартылды. АТУ студенттеріміздің өмір сүру жағдайларын жақсартып, жатақханалардағы орындармен барынша қамтамасыз етуге тырысады.
Балаларымызды қоныс тойымен құттықтаймыз және табысты оқу тілейміз!!!