АТУ-да университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Бірінші проректор Б.Қ. Нұрахметов университетті дамытудың 2023-2024 жылдарға арналған стратегиялық міндеттері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Л. К. Байболова, ғылым және инновациялар жөніндегі Проректор Б. А. Алиев және тәрбие жұмысы жөніндегі Проректор К. С. Батхолдиннің білім беру, ғылыми және тәрбие процестерінің негізгі басымдықтары туралы баяндамалары тыңдалды.