Без имени 1

Мемлекет білім алу кезеңінде колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында тұрғаны үшін шығыстарды ішінара өтейді!

Мемлекет білім алу кезеңінде колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында тұрғаны үшін шығыстарды ішінара өтейді!

Өтемақы:

жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтарына;

🔹 бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдарға, бала кезінен мүгедек адамдарға, мүгедек балаларға.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жатақханаларға орналастыру кезінде өтемақы алу үшін студенттердің осы санаттарын растайтын құжаттардың бірін ұсынуы тиіс:

🔹 қорғаншылық (қамқоршылық) туралы анықтаманың көшірмесі – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін

🔹 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымнан ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктердің немесе анықтаманың көшірмелері

🔹 мүгедектік туралы анықтама – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар үшін

Өтемақы 2023 жылдың қыркүйегінен бастап беріледі.

Жоғарыда аталған санаттарға жататын адамдар өз деканаттарына жүгініп, растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.