Img 5665

АТУ да факультет басшылары мен жатақхана меңгерушілеріне «Dorm.atu.kz» электронды жатақхана порталын пайдалану бойынша оқыту семинары өтті.

АТУ да факультет басшылары мен жатақхана меңгерушілеріне «Dorm.atu.kz» электронды жатақхана порталын пайдалану бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы және модераторы АТУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Қ. С. Батхолдин болды.

Жиында «Алматы технологиялық университеті» АҚ студенттік жатақханалар туралы Ережеге, сондай-ақ «Dorm.atu.kz» электрондық порталын жетілдіру үшін өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қ. С. Батхолдиннің сөзінде жатақханада орын беру тәртібі; жатақханадан шығару тәртібі; жатақхана ақысын төлеу және қаражатты қайтару тәртібі; қызмет көрсету және шешімдерге шағымдану тәртібі; жатақханалар әкімшілігінің де, жатақханаларда тұратындардың да құқықтары мен міндеттері туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, семинарда студенттік жатақхананың өзін-өзі басқару органы және тәрбие жұмысы, процеске байланысты тәуекелдер және осындай тәуекелдердің алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы мәселелер қаралды. Іс-шараға қатысушыларға жатақханадан орын алу үшін қадамдық нұсқаулық, жауапкершілік және өкілеттіктер туралы ақпарат, сондай-ақ құпиялылық туралы ереже ұсынылды.

Семинар соңында АТБ СжОБ маманы Ж. Әбдіраманов презентация жасап, слайдтарда әріптестеріне «Dorm.atu.kz» электрондық жатақхана порталы бойынша өтініш беруден бастап жатақханадан орын алғанға дейін қадамдық нұсқаулықты ұсынды.

Img 5665
Img 5686