Без имени 2

Құрметті талапкерлер! «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді!

Құрметті талапкерлер!

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді!

Грант конкурсына 2023 жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі немесе тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсыну қажет) және жоғары оқу орнына түсу үшін шекті балл жинаған түлектер қатыса алады:

✔️ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдар;

✔️жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

✔️мүгедектігі бар адамдар;

✔️мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер;

✔️2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;

✔️2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар;

✔️Төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы қоса алғанда 29 жас.

Өтінішті қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 10-17 тамыз аралығында.

Құжаттарды АТУ қабылдау комиссиясына тапсыру қажет!

Маңызды: оқу аяқталғаннан кейін грант иегері оны өтеуге міндетті емес!!!!

Қордың сайтында және әлеуметтік желілерінде толық ақпарат ала аласыздар @qazaqstanhalqyna.kz