Изображение whatsapp 2023 08 09 в 13.42.08

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында Дүниежүзілік жазғы Универсиада аяқталды!

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында Дүниежүзілік жазғы Универсиада аяқталды!

Қазақстанның 90 спортшыдан тұратын спорттық студенттік командасы спорттың 10 түріне қатысты: садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу, дзюдо, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, оқ ату, ушу.

АТУ-дан біздің еліміздің құрамасында экономика және бизнес факультетінің 3 курс студенті Бибулаев Еламан @yelamannb1 қатысты.

Универсиада қорытындысы бойынша Қазақстан медальдық есепте 20 – шы орынды иеленді. Ұлттық құрама қоржынында-20 медаль: екі алтын, жеті күміс және он бір қола.

Біздің спортшыларымызды, әсіресе Еламанды мақтан тұтамыз!!! Жаңа жеңістер тілейміз!!! Сіздер – Үздіксіздер!!!

Изображение whatsapp 2023 08 09 в 13.41.31
Изображение whatsapp 2023 08 09 в 13.41.55