Photo 2023 08 07 14 19 41

АТУ-ға адымдаңыз, абитуриент!

Университетке оқуға түсу – әрбір жас адамның өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Бұл ретте таңдау жасауға өте байыппен қарау керек, өйткені сіздің болшағыңыз, мансабыңыз осыған тікелей байланысты болады.

Алматы технологиялық университетіне оқуға түскен жас талапкер үшін мұнда бірқатар өте маңызды артықшылықтар бар.

Біріншіден:

         АТУ – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі, мұнда 65 жылдан астам уақыттан бері тағам, өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп салалары, инжиниринг және IT, қызмет көрсету мен қонақжайлылық индустриясы үшін мамандар мен ғылыми кадрлар даярланып келеді. Университет жаһандық білім беру кеңістігіне белсене кірігіп, әлемде барған сайын таныла түсу үстінде. Мұнда таңдаған мамандықтар бойынша өндірістегі практикамен тікелей өзара байланысты қамтитын осы заманғы ғылыми-білім беру процесі жоғары деңгейде құрылған.

Мұның бәрі оның әлемдік, өңірлік және ұлттық рейтингтердегі көрсеткіштерімен қуатталады. Мәселен, үстіміздегі жылы QS Quacquarelli Symonds (Ұлыбритания) Халықаралық рейтингтік агенттігінің айқындауы бойынша Алматы технологиялық университеті дүние жүзінің 100 елінің таңдаулы оқу орындары арасында 801–850 шептерге жайғасты. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп бағаланады. Сондай-ақ QS Stars халықаралық рейтингінің сарапшылары Білім беру және Жұмысқа орналасу санаттары бойынша АТУ-ды 5 жұлдызбен атап өтті. Қазақстан жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде АТУ үздік жоғары оқу орындары бестігіне кіреді, ал еліміздің жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының Бас рейтингінде жеңіл және тамақ өнеркәсібінің, сондай-ақ қонақжайлылық индустриясы саласының негізгі бейіндік мамандықтары бойынша алдыңғы шептерде келеді.

2023–2024 оқу жылына АТУ-да Тағам технологиялары; Инжиниринг және ақпараттық технологиялар; Текстиль және киім технологиялары және дизайн; Экономика және бизнес; Қашықтан оқыту деп аталатын 5 факультетте, сонымен қатар университет базасында құрылған Қазақстан-Швейцария қонақүй бизнесі және туризм институтында қабылдау жүргізіледі. Сіздерге көптеген басым сұранысқа ие мамандықтар ұсынылады, олармен университет сайтында толығырақ танысуға болады.

Екіншіден:

Алматы технологиялық университетінде шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірлескен екі дипломдық білім беру жүйесі жолға қойылған.

Бүгінгі таңда АТУ оқу бітіргеннен кейін екі диплом алуға мүмкіндік беретін бірнеше білім беру бағдарламаларын ұсынады:

  1. Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетімен арадағы байланыс ақпараттық жүйелер, мейрамхана ісі, қонақүй бизнесі, экономика, азық-түлік өнімдері технологиялары мен қаржы салаларында білім алуға мүмкіндік береді.
  2. HTMI (Швейцария менеджмент, туризм және қонақжайлылық институты) мен АТУ-дың бірлескен бағдарламасы мейрамхана ісі, қонақүй бизнесі мен туризм саласында білім береді.

         Барлық бағдарламаларда ағылшын және екінші шет тілін игеру көзделген, сондай-ақ әріптес екі оқу орнының магитратурасында білім алуды жалғастыруға мүмкіндік бар.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, АТУ-да ERASMUS+ Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізліп келеді. Осы бағдарламаға сәйкес әріптес жоғары оқу орындары бір-біріне өз студенттерін немесе оқытушыларын жібере алады. Студенттердің шектеулі уақыт аралығында (3 айдан 12 айға дейін) шетелде оқып келуге мүмкіндігі бар. Ұтқырлық кезеңінен кейін студент оқуды аяқтау үшін өз жоғары оқу орнына оралады.

Үшінішден:

АТУ-дың ғылым-білім беру тұрғысынан айтарлықтай материалдық-техникалық базасы бар. Мұнда, жоғарыда аталған бес факультетті айтпағанда, 3 ғылыми-зерттеу институты, 12 оқу-ғылым орталығы, заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 13 ғылыми-зерттеу зертханасы, шағын зауыттарға ие тағам және өңдеу өндірісі технопаркі, мейрамхана ісі мен қонақүй бизнесі оқу орталығы, тамақтандыру комбинаты, 2 спорт залы мен стадион, 2 медпункт, баспахана, студенттерге қызмет көрсету орталығы бар. Материалдық-техникалық база ауқымы 70 мың шаршы метрді құрайды, оған 4 оқу корпусы, 5 студенттік жатақхана кіреді. Қазіргі уақытта университетте 8000-ға жуық студент оқиды. Жатынжайға мұқтаждығы бар студенттердің 75 пайызы жатақханаларда орынмен қамтамасыз етілген, мұның өзі қазіргі қолданыстағы нормаларға сәйкес келеді және республика жоғары оқу орындары арасындағы үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады. АТУ-дың бай кітапханасында миллионға жуық ғылыми-техникалық кітаптармен және журналдармен қатар көркем әдебиет те баршылық.

Сондықтан да сессия кезінде керек болған әдебиетті алыстан іздестірудің қажеті бола қоймайды.

         Төртіншіден:

         Университетте өзіңіз ықылас аударып, бейім-қабілетіңізді жұмсайтын бағыттар жетерлік: студенттік кеңес, қызығушылық тудыратын түрлі саламатты клубтар, спорт секциялары жұмыс істейді. Осы оқу орнының қабырғасында пікірлестерді, көңілді, шығармашыл, өршіл жастарды жолықтыра аласың, олармен бірге студенттік өмірдің ең қызықты шақтарын бастан өткересің. Тартымды, зияткерлік шаралар, спорт жарыстары, атақты тұлғалармен кездесулер, шеберлік сыныптары мен көпшілік алдындағы пікірсайыстар жүйелі өткізіліп тұрады. Университетте студенттік өзін-өзі басқарудың бірегей үрдісі қалыптасқан. Студенттік кеңес – оқу орнындағы ең негізгі жастар ұйымы. Жыл сайын сайланып тұратын Студенттер кеңесінің төрағасы АТУ Ғылыми кеңесінің құрамына кіреді, сол себептен де студенттер дауысы әрдайым ескеріліп тұрады.

Бесіншіден:

АТУ-дың негізгі артықшылықтарының бірі сол, оның үлкен бас ғимараты күн шуағымен нұрланған Алматының қақ ортасында, Төле би көшесі, 100-үй мекенжайында орналасқан, осы жерден қаланың көрікті жерлеріне, кез келген нүктесіне оңай жете аласыз.

Нақ АТУ-ды таңдаудың бірнеше себептерін ғана атадық.

2023-2024 оқу жылында күндіз оқитын бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқу құны – 700 000 теңгені құрайды.

АТУ-ға қарай адымда, абитуриент! 8000-ға жуық өзіне және ертеңіне сенімді студенттер қауымының қатарында болғайсың!