Сіздерді 2023 жылдың 26-27 қазанында Алматы қаласындағы Алматы технологиялық университетінде өтетін «Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2023 жылдың 26-27 қазанында Алматы қаласындағы Алматы технологиялық университетінде өтетін «Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференцияға ғалымдар мен мамандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, бизнес құрылымдары мен Қазақстан Республикасы алыс-жақын шет елдердің БАҚ өкілдері шақырылады.
Конференция бағыттары:
- Экологиялық қауіпсіз тағам өнімдері өндірісіндегі шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологиялары. Агроөнеркәсіп кешеніндегі биотехнология мен нанотехнологиялар;
- Жаңа буын өнімдерін өндірудегі тоқыма өндірісінің шикізатты үнемдейтін, қауіпсіз технологиялары. Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау әдістері және дизайн-концепциясы;
- Тағам және жеңіл өнеркәсіп өндірістеріндегі технологиялық үдерістер мен құрал-жабдықтар. Технологиялық үдерістерді инфокоммуникациялық басқару;
- Тағам, жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің және қонақжайлылық индустриясының экономикалық өркендеуінің мәселелері. Туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің тұрақты дамуы;
- Білім берудегі инновациялық технологиялар.
Конференцияға қатысу түрлері
- пленарлық баяндамамен қатысу;
- секциялық баяндамамен қатысу;
- баяндамасыз басылып шығу.
Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылады. Жинаққа Халықаралық ISBN индексі беріледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндамаларды ұсыну:
Баяндамалар мен хабарламалар толық 3 беттен аспайтын (графикалық материалды қосқанда) көлемде, интерактивті формада ұсынылады. Баяндамаларды жіберу үшін конференцияның арнайы сайтына төмендегі сілтеме бойынша www.conference-atu.kz online жүйесінде электронды тіркелу қажет.
Баяндама, толтырылған тіркеу формасына, жеке файл болып тіркеледі. Файлдың аты – бірінші автордың аты. Мәтінді теру шрифті Times New Roman, Times New Roman KK EK, Формат: MS Word 95/97/2000/XP, кітаптық, шрифт өлшемі – 14, сөйлемаралық интервал – біртекті, шеттері жан-жағынан – 20 мм.
Баяндама мәтіні келесі схема бойынша толтырылады: Құжаттың басында сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі, келесі жолдың ортасынан, баспа әріптерімен – баяндама аталуы, келесі жолда авторлар фамилиясы мен инициалы және ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы, мемлекеті, электронды адресі және келесі жолдан баяндама мәтіні жазылады. Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Мәтін түпнұсқа болып есептеледі және өзгертілмейді.
Баяндаманы ұсыну уақыты 2023 жылдың 01 қазанына (қоса алғанда) дейін. Ұйымдастыру комитеті баяндаманың рәсімделуі, орындалуы талапқа сай келмесе, конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе 2023 жылдың 02 қазынан кейін тапсырылса, баяндаманы қайтаруға құқылы.
Баяндаманы жарияланымға қабылдау туралы ұйымдастыру комитетінің хабарламасын алғаннан кейін, автор қатысу жарнасын төлегендігі туралы құжаттың сканерленген көшірмесін 2023 жылдың 16-шы қазанға дейін conference@atu.kz электронды мекен-жайға ұсынуы қажет.
Баяндама конференцияның ғылыми еңбектер жинағында және www.atu.kz сайтында жарияланады.
Материалдардың ғылыми мазмұны мен жазылуына автор жауапты. Баяндаманың рәсімделуі, орындалуы талаптарға сәйкес болмаса және конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе белгіленген мерзімнен кейін тапсырылса, баяндама қарастырылмайды және қайтарылмайды.
Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылар есебінен жүргізіледі.
Ұйымдастыру сұрақтары
Конференцияға қатысу жарнасы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 3000 теңге, басқа мемлекет азаматтары үшін 30 АҚШ долларын құрайды. Докторанттар, аспиранттар мен магистранттар үшін қатысу жарнасы 2000 теңге немесе басқа мемлекет азаматтары үшін 20 АҚШ долларын құрайды.
Ұйымдастыру жарнасы аты-жөні және «Конференция-2023» белгіленуі көрсетілген, Алматы технологиялық университетінің банк шотына қабылданады.
Төлем реквизиттері:
АҚ «Алматы технологиялық университеті»,
050012, Алматы қ., Төле би к., 100
АҚ «Банк Центр Кредит»,
БИН 990840000359,
БИК KCJBKZKX,
КБЕ 17.
Есеп шоты:
Теңгемен есептесу үшін:
ИИК KZ 878560000000011134
Ресей рублімен есептесу үшін:
ИИК KZ978560000000396723
USD-мен есептесу үшін (доллар)
ИИК KZ978560000000517280
Конференцияның негізгі мерзімдері
Сайтта тіркелу және баяндама ұсыну- 2023 жылдың 01 қазанына дейін;
Ұйымдастырушылық жарнасын төлеу – 2023 жылдың 16 қазанына дейін.
Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Төле би көшесі, 100
Алматы технологиялық университеті
Бас оқу ғимараты, 6 қабат, 617 каб.
тел. +(727) 293-53-10 (ішкі 178,243), факс +(727)293-52-92,
E-mail: conference@atu.kz