АТУ жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады!
АТУ жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады! Жыл сайын университетіміздің серіктес жоғары оқу орындарының саны артып келеді, сондықтан ынтымақтастық мүмкіндіктері де кеңейіп келеді.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және қолдау мақсатында АТУ Тағам технологиялары факультеті деканының тәрбие жөніндегі Орынбасары Жанна Бақытжанқызы Қазангелдина М. М. Адышев атындағы Ош технологиялық университетіне (Қырғызстан Республикасы, Ош қ.) сапармен барды. М. М. Адышев атындағы ОШ технологиялық университеті Қырғызстанның жетекші технологиялық университеті болып табылады.
Сапар барысында Ректор Ж. Ж. Тұрсынбаев бастаған университет басшылығы Жанна Бақытжанқызына университеттің ғылыми-техникалық базасын көрсетіп, жетістіктері туралы айтып, кездесу барысында университеттер арасындағы сыртқы академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Сапар аясында Жанна Бақытжанқызы АТУ серіктес ЖОО студенттері үшін «Тамақ өнімдерінің сапасы мен экологиялық қауіпсіздігінің өзекті бағыттары» тақырыбында дәріс өткізді.
Өткен 2022-2023 оқу жылында М. М. Адышев атындағы ОШ технологиялық университетінің және АТУ студенттері «Экология» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»білім беру бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқудан сәтті өтті.
Болашақта біздің университет пен ОшТУ арасындағы жемісті ынтымақтастық белсенді дамып, нығая түсетініне сенімдіміз!


