Ату 00014

АТУ-ға Бельгия Корольдігі Елшілігінің өкілдері келді

АТУ-ға Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігі Елшілігінің өкілдері және Haute École Proviciale de Hainaut – Condorcet (Монсе қ., Бельгия) жоғары мектебінің оқытушысы Александр Мабилл мырза келді.

Шетелдік қонақтар біздің университет басшылығымен кездесу өткізіп, Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттермен, оқытушылармен және жас ғалымдармен алмасу мәселелерін талқылады.

Haute École proviciale de Hainaut – Condorcet жоғары мектебі Бельгияның, агрономия және биотехнология, экономика, бейнелеу өнері, педагогика салаларында мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Сондай-ақ, жоғары мектеп базасында Агробиология және химия, Денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

АТУ студенттері жақын және алыс шетелдердің ең үздік жоғары оқу орындарында оқудан, тағылымдамадан және өндірістік практикадан өтудің бірегей мүмкіндігіне ие! Біздің балалар үшін бұл жаңа білім алу және АТУ серіктес жоғары оқу орындарының инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша оқудан өту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, әлемді көру, ұмытылмас әсер алу, жаңа достар мен орта табу мүмкіндігі!

АТУ-ға келіңіз!!! Ең үздік білімді таңдаңыз!!!
АТУ коды 053

Ату 00015
Ату 00016