Философия докторларына диплом тапсыру салтанатты рәсімі
Алматы технологиялық университетінде философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесіне үміткерлер дипломдарының салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты шараны ғылым және инновация жөніндегі проректор Б. А. Алиев және Диссертациялық Кеңестің төрағасы Б. А. Рскельдиев ашты.
Өз сөзінде Проректор мен Диссертациялық Кеңестің төрағасы PhD докторларын құттықтап, университетіміздің түлектерінің әрқайсысы қазақстандық ғылымның дамуына және еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
5 PhD докторы өз мамандықтары бойынша дицертация қорғап, Дипломдарын алды:
6D072700 – «Өндірістік өнімдер технологиясы»: Аралбаев Нұрбек Аманұлы, Сатаева Жұлдыз Исаковна
6D0727800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»: Тұрсынбаева Шолпан Арыстанбекқызы
6D073500 – «Азық-түлік қауіпсіздігі»: Қажымұрат Әсемай Талғатқызы, Хамзина Жұлдыз Базаралиқызы
PhD докторантура түлектеріне мол табыс және еңбектерінің жемісті болуын тілейміз!!!