ҚР БҒМ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ «ШЕТЕЛДЕГІ СЕМЕСТР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
ҚР БҒМ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ «ШЕТЕЛДЕГІ СЕМЕСТР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
«Алматы технологиялық университеті» АҚ «Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу орындарының санын бөлу жоспарын бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №116 бұйрығына сәйкес, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде конкурсқа қатысуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, 2023 – 2024 оқу жылының бірінші семестрінде Еуропа елдерінің серіктес университеттер базасында білім алу үшін 5 (бес) орынға үміткерлерді таңдау бойынша байқау жариялайды.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
- академиялық үлгерімі бойынша деңгейі 3,5 және одан жоғары;
- Шет тілін В2 және одан жоғары деңгейде білу, мүмкіндігінше шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL және т.б.) арқылы алынған сертификаттың болуы.
Конкурсқа қатыса алады:
– 1 және 4 курс студенттері (бакалавриат).
Өтінімдер 2023 жылғы 19 мамырдан кешіктірілмей Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасында (НОҒ, 703 кабинет) қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізімі https://atu.edu.kz/main/cooperation/academic-mobility
Бағдарлама жабатын шығындардың түрлері:
– екі жаққа ұшу;
– тұру (жатақхана);
– медициналық сақтандыру;
– визалық қолдау.
«АТУ» АҚ Халықаралық қатынастар және
академиялық ұтқырлық басқармасы,
негізгі оқу корпусы, 7 этаж, 703 каб.
+77272927716, ішкі. 189