Алматыда жыл сайынғы «Қазақстан-Холод 2023» ғылыми-техникалық конференциясы өтті
Алматыда жыл сайынғы «Қазақстан-Холод 2023» ғылыми-техникалық конференциясы өтті.
Іс-шараның ресми серіктестері: «Қазақстан Республикасының тоңазытқыш өнеркәсібі және ауа баптау Қауымдастығы», «Теңіз» компаниясы (Қазақстан), «Climalife» компаниясы (Бельгия) және «Тобыл» компаниясы (Ресей) болды.
Конференцияның бағдарламалық комитетіне Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің жетекші ғалымдары кірді. Іс-шараның төрағасы және модераторы ҚР Халықаралық Суық Академиясы өкілдігінің Төрағасы, ҚР Тоңазытқыш өнеркәсібі және ауа баптау Қауымдастығының Президенті, Академик ХСА, т.ғ.д., ATУ профессоры, Цой Александр Петрович болды.
Конференция барысында бағытты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ іс-шара аясында Алматы технологиялық университетінің «Тоңазытқыш техникасы және технологиялық жабдықтары» Ғылыми-зерттеу зертханасына барды.