Умо румс 001

АТУ-да РОӘК ОӘБ жұмыс кеңесі өтті

2023 жылдың 26 сәуірінде «Алматы технологиялық университеті» АҚ-да Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі», «Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдары», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) отырысы өтті.

Пленарлық отырыста «Университеттің академиялық қызметінің аналитикалық құралы ретінде оқу нәтижелерін қорытынды бағалау» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Джарасова Г.С. және «Astana IT University-де интегралды GPA енгізу» тақырыбында Astana IT University-ның академиялық және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Кумалаков Б.А. баяңдама жасады.

РОӘК ОӘБ-нің секциялық отырыстарында спикерлер ретінде «ҚР тігін кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау процесінде жоғары білім беру мен өндірістің өзара іс-қимылы» тақырыбында Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті «Сымбат» дизайн және технология институтының «Технология, экономика және ЖБП» кафедрасының меңгерушісі Сеитова Н.Ж., «Тамақтану саласындағы инновациялық қызмет үшін білікті мамандарды даярлау мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқу-әдістемелік орталығының бастығы Хамитова Б.М., «Жаңа кәсіптер Атласы мен еңбек нарығының талаптары негізінде «Азық-түлік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту туралы» тақырыбында «АТУ» АҚ «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасының меңгерушісі Уажанова Р.У., «Дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі Нархоз Университетінің тәжірибесі» тақырыбында Нархоз университетінің қауымдастырылған профессоры, «Мейрамхана және мейманхана бизнесі» БББ жетекшісі Алимханова Р.К., «Comfort shoes» ЖШС кәсіпорны негізінде дуальды оқытудың тиімділігі» тақырыбында «Comfort shoes » директоры Раманкулов Д.К. баяңдама жасады.

Умо румс 002
Умо румс 003
Умо румс (3)
Умо румс (2)
Умо румс (10)
Умо румс (12)
Умо румс (11)
Умо румс (13)