АТУ студенттері тоғызқұмалақтан студенттік спорт лигасының жарысына қатысты
АТУ студенттері тоғызқұмалақтан студенттік спорт лигасының жарысына қатысты.
Жүлделі орындар үшін 12 ұлдар командасы мен 14 қыздар командасы күресті. Жасөспірімдер арасындағы жарыста АТУ командасы 5-ші орынға ие болды.
Жеке есепте 3-орынды Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің Ақпараттық жүйелер тобының 2 курс студенті Тұрлыбек Данияр иеленді.
Әйелдер арасындағы жарыста АТУ командасы 6-шы орынға ие болды. Жеке есепте Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің 1 курс студенті, Текстиль материалдарының технологиясы мен дизайны тобының студенті Таубай Аяжан 3-орынды иеленді.
Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен марапатталды! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!