АТУ-да «Желілер мен серверлерді виртуалдандырумен танысу» тақырыбында қонақ дәріс өтті
АТУ-да «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша оқитын Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері үшін АТУ түлегі, NLS Kazakhstan компаниясының жүйелік әкімшісі Ұланбек Ерболатұлы Мәуленовтың «Желілер мен серверлерді виртуалдандырумен танысу» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
NLS Kazakhstan – шағын және орта бизнестің, сондай-ақ ірі корпорацияның кез келген қажеттіліктерін жабуға қабілетті телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар саласындағы шешімдердің толық спектрін ұсынатын бірыңғай байланыс операторы.
Ұланбек студенттерімізге телекоммуникациялық компания жұмысының ерекшеліктері, сондай-ақ компаниядағы жүйелік әкімші жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді.
Іс-шара түлектер қауымдастығы мен АТУ Мансап орталығының көмегімен ұйымдастырылды.